Атырау, 25 маусым 05:10
Таңертең бұлтты+22, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.63  € 365.73  P 5.48

Танымал тұлғалар: Зақаш Қамалиденов. Атыраудағы жеті күндік қадесі    

18 мамыр 16:05

 

Бүгін, 18 мамырда «Алтын Шатыр» мейрамханасында біздің танымал жерлесіміз – бұрынғы Қазақстан Компартиясының ОК-нің хатшысы, ҚазССР-дың МҚК (КГБ) төрағасы және ҚазССР-дың Жоғары Кеңес Президиумының төрағасы Зақаш ҚАМАЛИДЕНОВТЫҢ жеті күндік қадесі өтті. Республиканың көрнекті мемлекеттік қайраткерінің рухына бағышталған дұға дастарханына Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, оның орынбасарлары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ және Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА, әкім аппаратының жетекшісі Ернар БАСПАЕВ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек ОЖАЕВ келді.

Белгілі ардагерлер - Орынғали ҚАРАСАЕВ, Мәдина ҒАБДІСӘЛІМОВА, Амангелді СЕЛБАЕВ, Мағауия ШЫРДАБАЕВ және басқалар Гурьев облыстық атқару комитетінің бұрынғы басшысы, 85 жастағы Есен ТАСҚЫНБАЕВТЫҢ бастауымен залға кіріп келді, Кейін оларға облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ келіп қосылды. 

Марқұмның туыстарына көңіл айтқан Н.Ноғаев өзінің еске алу сөзінде өткен жылы Қамалиденовпен кездескенін айтты. Бұл оның туған жеріне соңғы рет аяқ басуы екен. Әкім оның жоғары адами қасиеттерін және елдің игілігі үшін жасаған көп жылғы жемісті жұмысын атап өтті. 

Еске алу қадесінде біздің танымал жерлесіміз туралы  О.Қарасаев, М.Ғабдісәлімова (ол және Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ марқұмның Алматыда өткен қоштасу рәсіміне қатысты) және басқа да сөз алған азаматтар өздерінің естеліктерімен бөлісті. Айтпақшы, марқұмның қызы мен немерелері Алматы әуежайында ұшақтың кешігу салдарынан үлгере алмады, ал ұлы болса, өздеріңіз білесіздер, Парижде РФ елшілігінде әскери атташе болған кезде жұмбақ жағдайда қаза тапқан еді.

Зақаш Камалиденовті соңғы сапарға шығарып салуға арналған ресми шара оңтүстік астананың Офицерлер үйінде өтті. Қазаға көңіл білдіру үшін Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК те қатысты. Құрметті әскери қарауылмен Кеңсай зиратына жол тартқан қайғылы шеру Қазақстанның бұрынғы басшыларының бірін жер қойнауына тапсырды. Марқұм өзінің жарының жанынан орын алды.  



Жеке ақпарат

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1352 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қуандық Батыров – 70 жаста  1109 рет қаралды

Тағайындаулар  1306 рет қаралды

Өз еркімен және жарлық бойынша  1349 рет қаралды

​Тонаудан қорғайтын дәрі ме?  492 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5