Атырау, 20 сәуір 18:57
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бей-жай қарамады

3 563 просмотра

Ата-аналардың салақтығы және оған керісінше бөгде адамның азаматтық саналылығына қатысты мына бір қызықты оқиға Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралды.

Осы жылдың 10 наурызында ювенальды полицияның учаскелік инспекторы С.Жанғалиевке Құлманов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінің 6-шы қабатындағы балконда ересектердің қарауынсыз екі кішкентай баланың отырғандығы жөнінде хабарлама түсті. Полицияға қауіпті биіктікте терезе алдында ойнап отырған екі балаға көзі түскен азамат хабарласқан. Ол қысқаша ғана бейнежазба жазып, үй иелеріне ескертпекші болып пәтерге қарай көтерілген. Алайда, оның есікті қаққанына ешкім жауап бермеген, содан ол полицияға хабарласқан. Шақырту алған учаскелік инспектор 6 және 10 жастағы балалардың балконда ата-аналарының қарауынсыз қалғанын анықтады. Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, балалардың анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-ші бабы («Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот отырысында әйел өз кінәсін жұмыста болғандығымен түсіндіріп, толық мойындамады. Дегенмен, сот оған 11 мың теңге көлемінде айыппұл салды. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

17 мамыр 2017, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.