Атырау, 25 сәуір 03:56
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көршілер келіспеген жағдайда

3 114 просмотра

Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр? Осы үйдің тұрғындарын қайда көшірмекші? Егер белгілі бір ауданға көшу туралы тұрғындардың 100 пайыз келісімі болмаса, күреу және тұрғындарды жаңа жерге орналастыру мүмкін емес екендігі қайда, қандай заң актілерінде немесе күреу ережелерінде көрсетілген? Бір үйдің тұрғындары түрлі мекен-жай бойынша орналасқан жағдай тәжірибеде болды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ жауап берді:

– Ағымдағы жылы Жарбосынов көшесі, 89, Верхний өткелі, №1, 3, Бейбітшілік даңғылы, 64 мекен-жайлары бойынша апатты көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру жоспарланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Досмұхамбетов көшесі, 15, Гагарин көшесі, 124, Құнанбаев көшесі, 13 мекен-жайларындағы апатты жатақхана тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр. Аталмыш үйлердің тұрғындарын көшіру және күреу жаңа үйлерді пайдалануға беру мерзіміне байланысты болады. 
Мир даңғылы бойындағы №66 тұрғын үй қаладағы күрелуге тиесілі көппәтерлі апатты үйлердің тізімінде бар. Бірақ, әзірге оны күреу туралы шешім қабылданған жоқ. 2014 жылдың 10 сәуіріндегі Атырау облыстық мәслихатының «2014-2020 жж. Атырау қаласының шеңберіндегі апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді күреу жөніндегі шаралар жоспарын бекіту туралы» №252 шешіміне сәйкес, күрелуге тиесілі апатты, тозығы жеткен және жатақханалардың тізімі белгіленді. Тұрғындардың әлдебір пайызы көшуден бас тартқан жағдайда бұл ішінара көшу бойынша елеулі қиындықтар туындатып, кейіннен апатты үйдің күрелуіне және оны электр, жылу және сумен қамту жүйелерінен және т.б. ажыратуға әкеледі. 
Алайда, қолданыстағы заңға сәйкес, тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін опырылып құлаудың алдын алу үшін қалалық әкімдік көшуге келіспейтін тұрғындарды мәжбүрлеп көшіру туралы сотқа талап арыз беруі мүмкін. 
Қалалық әкімдік тәжірибесінде күрелген бір үйдің тұрғындары түрлі мекен-жай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорының бос пәтерлеріне көшірілген жағдай болды.


18 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.