Атырау, 23 сәуір 20:33
Түнде бұлтты+6, таңертең +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.17  € 401.25  P 5.31

Құрманғазыда балық аулау азайған

18 мамыр 2017 00:00


Құрманғазы ауданының балықшылары балық аулау маусымының әр күнін тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Себебі, санаулы күндерден кейін, яғни, 25 мамырда көктемгі балық аулау маусымы аяқталмақ.

Маусым кезінде балық аулаумен айналысуға республикалық тендерде жеңімпаз атанған «Каспий-Балық», «Каспий-Таңы» ӨК, «Ш. Сүлейменов» ЖШС және «Е. Сәрсенбаев» ШҚ ие болған. Ауданның табиғат пайдаланушыларына биыл 5 936 тонна жылдық лимит бөлінген. Бүгінде 1 119 тонна балық ауланып, ұсынылған лимит 60 пайызға орындалып отыр. Өткен жылдың осы мерзімінде 1 304 тонна балық ауланған еді. Мамандар маусымда балықтың азайып кетуін су көлемінің жылдан-жылға азаюымен ұштастырады. Қиғаш, Шарон өзендерінің гидрологиялық жағдайының нашарлауы, су ағысының қалыпты жағдайдан төмендігі, соңғы 20-25 жылда мелиоративтік жұмыстардың, яғни, өзен табандарының тереңдетіп қазылмауынан екенін табиғат пайдаланушылары проблема қылып көтергендеріне біраз болды. 

- Бір жағынан ірі балықтардың азаюына күшті жел әсер еткен болуы мүмкін. Күшті желден сазан, шортан, жайын сияқты балықтар көрінбей қалып жатыр. Қазіргі кезде ауға түскен ұсақ балықтар салмақ көтермейді. Дегенмен, ӨК 830 тонна балық аулады. Шортанбайдағы балық зауытынан өңдеп, шетелдерге жөнелтіп жатырмыз. Біз ЭКСПО-ға 80 тонна балық апаруымыз керек. Осы талабымызды орындаймыз деген сенімдеміз, - дейді «Каспий-Балық» ӨК төрағасы Жұмажан ШАКУПОВ. - Бүгінде бізге жағдай туғызылып жатыр, браконьерлікке тыйым салынды. Бүгінде маусымда 500-ге жуық адам еңбек етуде. Енді бізді қинап тұрғаны - шекарашылардың кешкі сегізден кейін тасымал жұмысын тоқтатып тастауы. Теңізден зауытқа дейін 120 шақырым. Арақашықтық көп. Осы шектеудің салдарынан бір күніміз жолға кетеді. Күн ыстықта қиын, балық бұзылып кетуі мүмкін. Осыны жөнге келтірсе деген тілегіміз бар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1000 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Тірі күміс сүзгендер  944 рет қаралды

Фура қалай өтіп кеткен?  1997 рет қаралды

Бір тендердің хикаясы  967 рет қаралды

«Қазақстан аруы»: Мұғалім мамандығын тастамаймын  865 рет қаралды

Басты бет

1 2 3