Атырау, 29 наурыз 17:16
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ҰҚК және ІІМ арнайы операция жүргізді: 8 адам ұсталды, оның ішінде Қызылорданың көлік прокуроры бар

2 784 просмотра


Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы аумағында арнайы операция бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.

"Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 қатысты адамды ұстады, олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде "КАИС-сервис" ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), "Қарамай Ойл" ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Н. Серікбаев ұсталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

17 мамыр 2017, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.