Атырау, 28 наурыз 15:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Біреулер «куәлік» жасап жүр

3 144 просмотра

Жалған куәлігі бар жүргізушіге қатысты үкім шықты. Құрманғазы аудандық соты ҚР ҚК-нің 385-бабы («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») бойынша оны кінәлі деп таныды.

Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы «бейтаныс тұлғадан 40 000 теңгеге жүргізуші куәлігін сатып алған» және жалған құжатпен жүрген. Оның қаншалықты ұзақ уақыт осылай жүргені хабарланбайды. Ең қызығы - әлдебір «бейтаныс тұлға» ақыры белгісіз болып қалды. Соған қарағанда, оған бұл бизнесін жалғастыруға ештеңе кедергі емес.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот оған 56 725 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 мамыр 2017, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.