Атырау, 25 сәуір 18:36
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Пекиндегі саммиттің Астанаға берері не?", "Кадрлық кризис пе, жоқ, кадрлық бизнес пе?", "Сақалсыз саясат дін мәселесін шеше ме?", "Орақ пен балға арасындағы жанталас", "Тұңғышбай Юдинаның тергеуге қалай “көмектескенін” айтты"

1 936 просмотра

INFORMBURO.KZ. "Эксподан кейін жылжымайтын мүлік арзандайды" - Қазақстанда сауда орталықтарын салу тиімсіз. Бизнес орталықтары да өз құнын ақтау ықтималдығы төмен. Бұған ЭКСПО жәрмеңкесінен кейін толығымен көз жеткіземіз.

"Қорғаушылар сотта Өркенді өлтірген өгей шешенің қанша баласы барынан жаңылды" - Өркен Азаматұлының өліміне қатысты сот отырысы Шарипа Ақбердиеваның балаларының саны мен аты-жөнін түгендеуден басталды. Бала өліміне себеп – қызғаныш.

AZATTYQ.ORG. "Пекиндегі саммиттің Астанаға берері не?" - Қытай астанасындағы «Бір белдеу – бір жол» саммитіне 29 елдің президенттері, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жетекшілері қатысты. Азаттық бұл жиынның Қазақстан үшін маңызды тұстары жайлы сарапшылардың пікірін білді.

"Үй тапсырмасы азаятын болды" - Мектеп оқушыларына берілетін үй тапсырмасын азайтуға қатысты ұсыныстар қабылдауды кей адамдар баланың әуесқой істерімен айналысуға бос уақыты болады деген үмітпен құптап жатыр. Білім саласы жүйесінде көп дүние «қағаз жүзінде» ғана жасалады деген де пікір бар.

ZHASALASH.KZ. "Қош бол, 71,3 миллиард!" - Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төңірегінде кезекті даудың ұшқыны шықты. Бұл жолғы даудың басы Әзірбайжанда жатыр. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан 71,3 млрд (71 276 248,50) теңге алынып, Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған екен. Ал банк болса дефольт жағдайында. Сөйтіп, салымшылардың 71,3 млрд теңгесі күйіп кеткелі тұр. Бұл хабар шыққалы екі күн болса да, жауапты мекеме – Қазақстанның ұлттық банкі әлі үнсіз. Сарапшылар «мұндай мәселе қоғам талқысына түсуі тиіс» деп отыр.

"Кадрлық кризис пе, жоқ, кадрлық бизнес пе?" - «Етікші бізге жарымайды» деген мәтел осындайда еске түседі екен. Ғалым-педагог, уақтысында оқытушы, білім және ғылым министрі қызметін атқарып, осы салада өзін реформашыл басшы ретінде танытқан Жансейіт Түймебаев алты айдан бері облыстық білім басқармасына басшы тағайындай алмай отыр.

"Сақалсыз саясат дін мәселесін шеше ме?" - Діни экстремизм мен терроризм XXI ғасырдың басты қаупіне айналғаны баршаға аян. Дегенмен оған қарсы қабылданған әрекеттер халықаралық деңгейде болсын, жекелеген мемлекеттер деңгейінде болсын оң нәтиже бергені шамалы. Керісінше, діни ұрандарды бүркемелеген қылмыстар жаңа аймақтар мен елдерді қамтып жатыр. Сорымызға қарай, аталған келеңсіздік бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін де зор нәубетке айналған. Қателік қайдан кетті? Тиісті түйткілдердің түп-тамыры неде? Оны ауыздықтау үшін ұтымды қандай амалдарды қолданған жөн? Осы секілді сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

ABAI.KZ. "Қытайдан "Димашизмнің" қаупі төніп тұр" - Жалпы, біз өте осал ұлтқа айналыппыз. Күпінбейтін жерде күпініп, мақтанбайтын жерде мақтанып, әйтеуір бар даңғойлығымызды әлемге әйгілегенде алдыға жан салмайтын болдық. Өз ішіміздегі мықтыны Қытай келіп бастан таяқпен ұрып тұрып мойындатпаса, мойындамайтын тоңмойын, қай әннің есті, қай әннің есер екенін тыңдай алмайтын бітеу-керең, ненің игі, ненің жаман екенін көрмейтін көрсоқыр ел секілді күйге түсіппіз.

"Орақ пен балға арасындағы жанталас" - Қазан төңкерісінен кейін үкімет басына большевиктер келген соң қоғамда пролетариат диктатурасының ызғарлы аязы қақап тұрды. Бірақ, шын мәніне келгенде жұмысшы табының емес, солардың атынан партиялық аппарат пен кеңестердің атқарушы органдары «көсемсымақтарының» билігі жүргізілді. Осы тұста қазақ ұлтының алдыңғы қатарлы оқыған зиялылары, Алаш партиясы өкілдерінің басты ұстанған идеясы қазақ елінің тәуелсіздігі еді. Алаш партиясының негізгі мақсаты ұлт мүддесі, ұлт тағдыры, ұрпақ қамы болатын. Алаш арыстары елінің өркениет көшінен өзіне тиеселі орын алуын көкседі.

365INFO.KZ. "«Ерте ме, кеш пе қайтару керек…». Назарбаев Қытайға неге барды?" - Таяу күндері президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапар жасап, “Бір жол, бір белдеу” атты ірі халықаралық басқосуға қатысып қайтты. Сапар барысында елбасы Аспан асты елінің басшылығымен, сондай-ақ Түркия, Ресей және басқа да мемлекеттердің басшыларымен кездесіп екі- және көпжақты ынтымақтастықтың көкжиектерін талқылады. Жаңа келісім-шарттарға қол қойылды.

QAMSHY.KZ. "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ел болып еске алу – қоғамдық сананы батыл жаңартудың ең сенімді жолы" - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ел болып еске алатын 31 мамыр біздің еліміздегі қастерлі күндер қатарына кіргелі, міне, жиырма жыл болып қалды. Дәлірек айтқанда, 31 мамыр айрықша мәртебеге ширек ғасырдан бері ие. Алғаш рет бұл күн еліміз мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген бетте, 1992 жылы, ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген болатын. Содан соң ауқымы кеңейтілді. 1997 жылдан бастап әр мамырдың соңғы күнінде 30-шы жылдарғы ашаршылық пен репрессия құрбандарын бірге еске алып келеміз. Бұл оң өзгерістер совет өкіметінің тынысы тарылып, қайта құру саясатын жария еткен шағынан бастау алған болатын. Қайта құру саясаты біз білмейтін демократияның хабаршысы еді.

DALANEWS.KZ. "Тұңғышбай Юдинаның тергеуге қалай “көмектескенін” айтты" - Тұңғышбай аға, сіз екеуіміздің бұл сұхбатымыз тек шындықты айтуды талап етеді. Алланың алдында, өзіңіздің арыңыздың алдында, халықтың алдында, болашақ ұрпақтың алдында тек шындықты ғана айтуға уәде (ант) бере аласыз ба?..

QAZAQUNI.KZ. "«Бір белдеу, бір жол» жобасы: берері мен алары" - Пекинде «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда әлемнің қырыққа жуық мемлекетін қамтитын жобаның өзекті мәселелері талқыланды. Оған Қазақстан тарапынан салмақты делегация барып қатысты. Бұл тақырып жұртшылыққа әлі жақсы таныс емес. Сондықтан, «Жібек жолы» экономикалық белдеуі» жобасы туралы, жобаның көздеген мақсаты туралы сұраққа қоғам әлі де толық жауап ала алмай келеді. Мәселен, жобаны ұсынушы Қытай жөнінде әртүрлі алыпқашпа әңгімелер көп айтылуда. Бірақ оған мамандар тарапынан салиқалы жауап жоқтың қасы. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін қоғам қайраткері, белгілі экономист-сарапшы Жанкелді Шымшықовқа аталған мәселе туралы бірнеше сұрақтар жолдаған едік. Енді сол сұрақтарға алынған жауаптарды назарларыңызға ұсынамыз.

16 мамыр 2017, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.