Атырау, 24 сәуір 12:02
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде береді

1 415 просмотра


Қазақстандықтардың Халықаралық Әзірбайжан банкіне салған зейнетақы жинақтары қайтарылатын болады. Мемлекет банкті құтқарып қалу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әзірбайжанның адвокаттар алқасының мүшесі Акрам Гасанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Басылымның мәліметінше, Әзірбайжан үкіметі банктің қарыздарын төлеп беру туралы шешімге келді. Сондықтан қазіргі уақытта сарапшының айтуынша, БЖЗҚ-ға да, Халықаралық банкке қаржы салған басқа компанияларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

"Міндеттер қайта құрылымданған соң Халықаралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті", - деді сарапшы Акрам Гасанов.  

Еске сала кетейік, осыған дейін сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

16 мамыр 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.