Атырау, 24 сәуір 13:28
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ақшасы болмағасын құжатын тартып алып кеткен

2 842 просмотра

Ресей Федерациясының азаматы Исатай аудандық ІІБ-іне белгісіз біреудің құжатын тартып алып кеткені жөнінде хабарлама түсірді.

36 жастағы РФ азаматы демалып алу үшін өзінің меншігіндегі «Лада Ларгус» автокөлігін Атырау-Астрахан трассасының Зинеден ауылы тұсына қояды. Бірақ, сәлден соң оның жанына «Мерседес-Бенц» автокөлігі тоқтап, ішінен бір жас жігіт шығып, одан ақша талап етеді. Ресейлік азамат ақшасы жоқ екенін айтқан кезде қаскөй оның құжаттарын тартып алып кетеді (жәбірленушінің төлқұжаты, көші-қон кәртішкесі және көлік құралын тіркеу куәлігі). Өзінің телефон нөмірін қалдырып, «ақша болғасын, құжаттарыңды аласың» деп кетіп қалады. Полицейлер күдіктінің кім екенін көп кешікпей анықтады. Ол күдікті 31 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғыны болып шықты. Құжаттар тәркіленді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-тармағы («Қорқытып алу») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 мамыр 2017, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.