Атырау, 23 сәуір 21:59
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Жастық шағын есіне түсіріп, немересін ұмытты

3 714 просмотра


Әжелердің бәрі бірдей қолдарына тәтті ұстап, ертегі оқып беретін кітаптағы келбетке сай келе бермейді. Кейбіреулеріне, мәселен, немерелеріне дұрыс көңіл аудармағандары үшін айыппұл салуға тура келеді.

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы («Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы») бойынша әкімшілік істі қарады. 

Қамқоршы ретінде өзінің 13 жастағы немересіне қамқорлық жасауға тиіс болған 62 жастағы Атырау тұрғыны спирттік ішімдік ішіп, баланың тәрбиесі мен оқуына көңіл бөлмеген. Ювеналдық полиция инспекторы рейд барысында оны жұбайымен «Әулие Валентин күніне орай» спирттік ішімдік ішіп отырған кезде көрген. Немересі бұл кезде жанында болыпты.

Сот оған 11 118 теңге мөлшерінде айыппұл салуға шешім шығарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2017, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.