Атырау, 23 сәуір 20:57
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

ШҚО-да халықаралық қылмыстық топқа демеу көрсетті деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды

1 821 просмотра


Шығыс Қазақстан облысында халықаралық қылмыстық топтың мүшелері делінген ер адамдар құрықталды, олар сол өңірде заңсыз ойын мекемелерін іске қосып отырған. Осы топтың әрекетіне аудандық полиция бөлімшесінің басшысы мен Өскемен қаласы прокуратурасының қызметкері жасырын демеу көрсетіп отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталғандар туралы мәліметті өңірлік құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады. 

"Өткен жылдың қазан айынан бастап облыстық прокуратура өңірдегі заңсыз ойын бизнесі ісін тергеп жатыр. Қылмыстық топқа мүшелікке тарнсұлттық азаматтар кірген, яғни ұйымдастырушылардың бірі және басшысы - Ресей Федерациясының азаматы. Ұрланған қаражаттың бір бөлігі Ресейге банк арқылы жіберіліп отырған", - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, бірнеше қалада астыртын ойын автоматтары бар залдар жұмыс істеген. 

"11 мамырда жедел тергеу тобы Зырян АІІБ-нің бұрынғы қызметкерін және Өскемен қаласы прокуратурасының аға прокурорын қызметтік бабын асыра пайдаланды және трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен ұстады. Олар уақытша тергеу изоляторына қамалды", - деді ведомство өкілдері.  

Прокуратураның мәліметінше, ұсталғандардың әрқайсысы қызметтік бабын пайдаланып, қылмыстық топқа қызмет көрсетіп отырған. Сол ісі үшін олар ақша алып отырған. 

"Қазіргі уақытта тергеу тобы белсенді түрде құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр", - деді өңірдегі прокуратурадағылар.

Дереккөз: Tengrinews.kz


12 мамыр 2017, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.