Атырау, 29 наурыз 18:43
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Ақышев уәдесінде тұра ма?", "Министр «Google-технологияны» айтады, ал дәрігерге УЗИ аппараты арман", "Депутаттар қызыл таяққа неге құмар?", "Жекешелендіру. Қазақстанда ірі ұлттық компаниялар сатыла бастады"

2 143 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Министр «Google-технологияны» айтады, ал дәрігерге УЗИ аппараты арман" - Қазақстан үкіметі медицина саласындағы әлемдік заманауи технологияларды қолдануды талқылады. Ал Алматы маңындағы ауылдардың бірі стандартқа сай келетін медициналық ғимаратқа жете алмай отыр.

"Өзбекстан президенті Қытаймен байланысты нығайтпақ" - Шавкат Мирзияев Өзбекстанның президенті болып сайланғалы алғаш рет ресми сапармен Қытайға келді және бұл елде ол бірнеше күн аялдамақ. Мирзияев мамырдың 13-іне дейін ресми кездесулер өткізеді, мамырдың 14-і және 15-і аралығында Қытайда өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумына да қатысады.

ZHASALASH.KZ. "Депутаттар қызыл таяққа неге құмар?" - Саясатта қолдан мәселе жасау үрдісі бар. Мұндай амалға билігін ұзаққа созуға тырысқан басшылар жүгінгені тарихтан белгілі. Көпшіліктің өзіне деген наразылығы мен қарсылығын басу үшін ондай патшалар көршілеріне түрлі себепті сылтауратып соғыс ашқан. Сонымен жұрттың уайымы жауды жеңуге айналып, басшының озбырлығы жайына қалды.

"Отанымыз бір ме?" - 9 Мамыр күні сағат сегіз жарымда Астанадағы «Отан–Ана» монументіне бардым. Отан қорғаушылар алаңы қоршаумен екіге бөлініпті. Ішкі қоршауға шақыру билеті арқылы кіргендерді металл іздегішпен тексеріп кіргізді. Оның ішінде жай адамдардан сарбаздар, полицейлер және жай киімді денелі жігіттер көп. Ит жетектегені де бар. Ол аздай, отыз шақты сарбаз жүгіріп кірді. Сыртқы қоршауға да кіру оңай емес: қалтамдағыны шығартқан полицей денемді екі рет тінтіді.

QAZAQTIMES.COM. "АҚШ билігіндегі сұмдықтың беті ашылды: Трамп өзіне көмектескен Комиді жұмыстан неге қуды?" - Осы аптада әлемдік ақпарат кеңістігін дүбірлеткен бір жаңалық – АҚШ президенті Трамптың FBI басшысы Жеймс Коми (James Comey) жұмыстан алып тастауы болды. АҚШ жергілікті уақыты бойынша сейсенбі күні президент Трамп Комидің қызметін ресми түрде тоқтатты.  Президенттің бұйрығы шығысымен Ақүй өкілдері табанда атқарып, FBI басшысын қызметтен алып тастады.

"Жекешелендіру. Қазақстанда ірі ұлттық компаниялар сатыла бастады" - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Еуропалық қайта құру және даум банкінің Кипрде өткен отырысында, Қазақстандағы ең ірі 3 ұлттық компанияның  жекешелендіруге қашан қатысатынын айтты. 

365INFO.KZ. "«Бүкіл ел бойынша тергеу тобы құрылды». Questra қаржы пирамидасына тықыр таянды" - Жақында депутат Бекболат Тілеухан көтерген қаржы пирамидасы мәселесі бойынша Questra Holdings Inc. компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ABAI.KZ. "Ақышев уәдесінде тұра ма?" - Алғашқы сөз ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің уәдесі туралы болмақ. Осыдан бір жыл бұрын, жаздың алғашқы күні Парламенттің кезекті отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап беру сәтінде Бас банкирге «біздің қазақша сұрақтарға қашан қазақша жауап бересіз?» деген сұрақ қойылған болатын. Сонда Ұлттық банк төрағасы сауалдың өте дұрыстығын айта келе «келесі жылы» дегені есімізде. Күнтізбеге қарасақ, күн мен түн алмасып, айлар жылжып, сол «келесі жыл» да таяп қалыпты. Енді сөздің қаншалықты іске ұласқанын көретін кез жетті.

"1916 жылғы Қарқара көтерілісінің қаһарманы - Тұрлықожа" - Нарынқол-Шарын приставы Александр Подварковқа Тұрлықожа туралы Айт болысы Рақымбай Солтанқұлов келесідей мәлімет жіберген.

JASQAZAQ.KZ. "Қанат Айтбаев: Әншілеріміз әннің мәтінін жаттауды ұмытқан күнге жеттік" - Қанат Айтбаев қазақстандық әншілердің фонограмма қолдануына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, оның ұтымды тұстары да бар екен.

QAMSHY.KZ. "Міндетті медициналық сақтандыру тиімді ме?" - Міндетті медициналық сақтандыруды уақыт талабынан туған реформа дер едім. Ең алдымен жақын болашақта елімізді күтіп тұрған демографиялық өзгерістерге тоқталайық. Ғаламды алаңдатып отырған халықтың қартаю проблемасы Қазақстанда да бар. Әлбетте, бұл табиғаттың заңы. Дегенмен, соңғы кезде жұмыс істейтін азаматтарға қарағанда қарттар мен балалар саны көбейіп келеді. Халықтың қартаю фактісін зейнетақы жүйесі мен елімізде зейнет жасының ұлғайтылуы да дәлелдеп отыр.


12 мамыр 2017, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.