Атырау, 19 сәуір 03:41
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Өмір жақсару үшін саяси жүйе өзгеруі керек", "Жұмыссыздықпен күресте қаржы көп, нәтиже жоқ", "1,32 триллион теңге - шенеуніктерге... Халыққа ше?", "Трамп Лавровпен "өте жақсы" келіссөз өткізгенін айтты", "Елисей сарайының ендігі иесі"

2 480 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Трамп Лавровпен "өте жақсы" келіссөз өткізгенін айтты" - АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуін "өте жақсы" деп бағалады. Ол Вашингтон мен Мәскеу Сирияда алты жыл бойы жалғасып жатқан соғысты тоқтатуға бірге күш жұмсайтынын айтты.

"Түркіменстанда құлпытастағы суретті өшіру сөз болды" - Түркіменстандағы имамдардың бірі құлпытастағы марқұмдардың суретін өшіруді бұйырды. Бірақ оның себебін ешкім айтпайты.

ZHASALASH.KZ. "Өмір жақсару үшін саяси жүйе өзгеруі керек" - Кезінде Сауд Арабиясының мұнай министрі шейх Яманидің айтқаны бар: «Тас ғасыры тастың таусылғанынан аяқталған жоқ. Сол сияқты мұнай дәуірі де бітеді». Бүгінгі ғаламдық экономика үдерістеріне қарағанда, осы болжам іс жүзіне асып келе жатқандай.

"Ташкентте тұғырдан түстік пе?" - Өзбекстан астанасында бокстан Азия чемпионаты мәреге жетті. Бұл жолы қазақ жанкүйерлері ширек финалдан бастап тікелей эфирде тамашалағандықтан ба, жарысқа ықылас алабөтен болды. Түпкі нәтиже ешкімді қанағаттандырмағаны рас. Бірақ әрбір жаңа олимпиялық кезеңде құраманың жаңаратыны, өзгеретіні заңдылық. Ендеше, қазақ боксының жеңіскер дәстүрін жаңа буын жалғастыра ала ма – Азия біріншілігі осы сұраққа ішінара жауап бергендей болды.

"Жұмыссыздықпен күресте қаржы көп, нәтиже жоқ" - Биыл Ақтөбе облысындағы жұмыссыздықпен күресуге 6 миллиард 200 миллион теңге бөлінді. Бұрын-соңды өңірдегі жұмыссыздарды оқыту, қайта бейімдеуге мұндай қомақты қаржы бөлінген емес. Бұл қаржыға «Жұмыспен қамтудың жол картасы –2020» бағдарламасы бойынша облыстағы 19 200 адамды жұмыспен қамту көзделген. Есептеп көрсек, 6 миллиардты әр адамға шаққанда, бір жұмыссыз жанға 213 793 теңгеден тиеді екен.

365INFO.KZ. "«Менің тегім — қалмақ». Танымал саясаттанушы тарихи шындықты айтты" - Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің ой-пікірлері басқа сарапшылармен үйлеспеуі мүмкін. Сонысымен де қызық. Сонысымен де оқылымды.

"«Оларға сенбеңдер!». Ғарифолла Есім қандай шындықты айтты?" - Ғарифолла Есім бір шындықты айтты, негізінде. Мойындады да. Күні кеше 70-ке толған ол «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болды. Журналистің «қазіргі ақсақалдар қандай?» сауалына философ ойындағысын жасырмай, еш бүкпесіз жауап берген екен.

ABAI.KZ.упер туалет салудан рекорд жасаған Астанада қазір әжетхана жоқ..." - Енді аз күнде "әлемнің 3 миллионға жуық туристі келеді" деп күтіп отырған Әсет Исекешевтің әйдік шаһарында әжетхана тапшы, - деп сүйіншіледі КТК арнасы.

"1,32 триллион теңге - шенеуніктерге... Халыққа ше?" - Биыл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен жол шығындарына бөлінетін қаржы 20 миллиард теңгеге өседі. Өседі де 1,32 триллион теңгеге жетеді. Energyprom солай деп хабарлады.

TURKYSTAN.KZ. "Оңтүстіктен Солтүстікке бет түзеген көш" - Кейбір деректерге сүйенсек, 2030 жылға қарай Қазақстан халқы 20 миллионнан асады деген болжам бар. Бұл межеге жету – асқақ арман. Тіпті, қайбір жылдары демограф ғалымдардың «2020 жылы 20 миллионға жетеміз» деген пікірінің өзіне марқаятын едік.

"Елисей сарайының ендігі иесі" - Алдағы бес жылда Францияны ел тарихындағы ең жас президент басқаратын болды. 39 жасар Эммануэль Макрон осыдан тура бір жыл бұрын Франсуа Олландтың қарамағындағы үкіметтің қатардағы мүшесі еді… Бір жылыңыз не, осыдан үш-төрт ай бұрын оны президент болады деген қисын күлкілі көрінетін. Ол өзінің жолы болғыш жігіт екенін дәлелдеді: Францияда соңғы жылдары саяси, экономикалық, әлеуметтік, этносаралық, қауіпсіздік, т.б. көптеген мәселелердің күрмеуі қиындап, әбден шиеленісті, ақыры түрлі оқиғалардың тоғысуының нәтижесі оңшыл да емес, солшыл да емес, тіпті бұрын ешбір сайланбалы лауазымда болмаған мьсе Макронның мерейін үстем етті.


11 мамыр 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.