Атырау, 19 сәуір 06:03
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Барлық жастағы 800 адам баскетбол ойнады. Бұл жаман ба?»

3 198 просмотра

Еркін Қалимұлы Төлегенов, 56 жаста, педагогика ғылымдарының кандидаты, Атырау мұнай және газ университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі.
Сәуірде Атырау облысының мектеп, студенттік және әуесқой баскетбол лигасының чемпионаты аяқталды. Сайыстың қалай өткені туралы облыстық баскетбол федерациясының бүкіл үш лигасының кураторы Еркін ТӨЛЕГЕНОВ (суретте) әңгімелейді.

- Бірден айтып өтейін, мектеп, студенттік және әуесқой лигасының 2016-2017 жылғы маусымының бүкіл матчы қазан мен сәуір аралығына біздің университеттің спорт кешенінде өтті. Мектеп лигасының чемпионаты (Isker) алтыншы рет өтті. Оған 52 команда қатысты: қала мектебінің кеңейтілген тобында – Атырау қаласынан 19 команда және Мақат, Қызылқоға мен Исатай аудандарынан бір-бір командадан. Құрманғазы ауданының тобында – 20 мектеп, Индер ауданының тобында – 10. Сайыс екі жас ерекшелігі бойынша өтті. 

7-8 санат арасында тұрақты чемпионат пен мықты 8 ұжым арасында плей-офф өткіздік. Жартылай финалға Атырау қаласының №12, 16, 19 және «Доссор» мектептерінің командалары шықты. Бірінші орынды №19 мектеп (бапкер Анатолий Лысяк), екінші орынды - №16 мектеп (бапкер Александр Литвинов), үшінші орынды жартылай финалда ұтылып қалған №12 (Рүстембек Төлегенов) және «Доссор» (Ербол Китимбаев) мектептері өзара бөлісті. Қорғаушы Шыңғыс Шөреев, шабуылшы - Сұлтанбек Сапиев, орталық шептегі ойыншы - Садыржан Ибрагимов үздік ойыншылар деп танылды.

Биыл 9-11 сынып арасында біз Атырау қаласынан 2 команда және Құрманғазы, Индер, Исатай және Қызылқоға аудандарынан бір-бірден командаларының «алты финалын» өткіздік. Индерліктер, құрманғазылықтар, Атырау қаласындағы №19 және 34 мектептер жартылай финалға шықты. №34 мектеп чемпион (бапкері Жасұлан Тәжібаев) атанды, екінші орында - №19 мектеп. Индерліктер мен құрманғазылықтар қола алқа алды. Үздік ойыншылар: қорғаушы - Дамир Нұржанов, шабуылшы - Әзиз Сұңғатов, орталық шептегі ойыншы - Бисұлтан Болашбаев.

Бұдан басқа, қазір «Атырау барысы» баскетбол академиясы шәкірттері командаларының – 24 команданың біріншілігі өтуде. Әзірге бірінші орында №19 мектеп.

- Студенттік лигадағы нәтижелер қандай?

- Біздің студенттік лига алғашқы қазақ - Олимпиада чемпионы, баскетболист Әлжан Жармұхамедовтің атында. Лига чемпионатына бұл маусымда облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің 11 командасы мен Орал мұнай және газ колледжінің командасы қатысты. Біздің «АМГУ-1» университетінің командасы чемпион атанды. 

Ал «АУНГ-1» Ресейдің Оңтүстік Федералдық округі бойынша Студенттік баскетбол қауымдастығының чемпионатына қатысты. Бұл дебют болатын. Лайықты ойын көрсетіп, 8 командадан төртінші орын алды. Алайда, университет командасының құрамында «Атырау барысы» ойыншыларының бірде біреуі болмады. Біз өз құрамымызға бір-екі жақсы ойыншыны тартқымыз келгенін мойындаймын. Бірақ, сәті түспеді. Есесіне бүкіл даңққа өзіміз бөлендік. А.Кабдрашев турнирдің орталық шептегі үздік ойыншысы ретінде сыйлық алды.

- Ал әуесқойлық лигада не болып жатыр?

- Чемпионатқа 10 команда қатысты, барлығы да Атырау қаласынан. Түрлі жастағы баскетбол энтузиасттары ойнады. Лига қатысушыларының орта жасы 35-40 жасты құрайды. «Isker» командасы жеңімпаз болды, екінші орында «ВИА» командасы (бапкер Валентина Ильинична Андрееваның рухына), үшінші орында «Аққыстау» командасы. Үздік ойыншылар: қорғаушы - Тимур Қалиев, шабуылшы - Төлеген Балғымбаев, орталық шептің ойыншысы - Эльдар Тағатов.

Назар аударыңыз, біз барлық жастағы спортшыларды қамтыдық, сайыстар тұрақты негізде өтіп тұрды. Бұл жаттығуларды есептемегенде. Мен есептеп шықтым. Өткен жылдың қазанынан биылғы жылдың мамырына дейін барлық жастағы лигаға 800-дей адам қатысты. Міне, қаншама адам денсаулықтарын түзеп алды... 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


11 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.