Атырау, 16 сәуір 19:51
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Астанада Қазақстан тарихындағы ең үлкен әскери парад өтті

Сурет
3 350 просмотра

Фото: Tengrinews.kz.Фото: Tengrinews.kz.Фото: Tengrinews.kz.Фото: Tengrinews.kz.Фото: Tengrinews.kz.Фото: Tengrinews.kz.Фото: Tengrinews.kz.

Астанада Отан қорғаушылар күні мен Қазақстанның Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әскери парадқа бес мыңнан астам әскери қатысты. 300 әскери техникадан құралған колонна жүріп өтті.  Парадты тамашалаушылар "Каз Град", "Смерч", "Прима" сияқты реактивті жүйелерді, БМП-2 әскери машиналарын, ТОС-1 "Солнцепек" от шашатын жүйелерді, "Штурм-С" танкіге қарсы зымырандар кешенін, БТР-80 машиналарын, "МСТА-Б" гаубицасын, "Гиацинт" батареяларын, "Тюльпан" минометтері мен "Точка-У" тактикалық зымырандарын көре алды.

Негізгі әскери танкілермен қатар, "Арлан", "Хамер", "Кобра" және "Федерал" сияқты оқ өтпейтін көліктер де көрсетілді. 

Көкке 70 әуе техникасы көтерілді.

Ұшқыштар Астана көгінде 25 саны мен Бәйтеректің бейнесін салды.  ҚР ҚК-нің өкілдері 2017 жылғы парад ел тарихындағы ең көлемді парад болғанын атап өтті.

Дереккөз: Tengrinews.kz


7 мамыр 2017, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.