Атырау, 24 сәуір 04:24
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атыраудағы алғашқы марафон

Сурет Бейнежазба
4 044 просмотра

 

Алғашқы дәстүрлі «Атырау Марафонын» халықаралық шара деп атауға болады. Оған түрлі елдерден желаяқтар қатысып, кейбіреулері, тіпті, жеңімпаз атанды.

Классикалық қашықтығы 42,195 км-ге тең болатын бүгінгі жүгірісті марафон деуге болмайды. Алайда ұйымдастырушылар шараның атауын түсіндірді. Біріншіден, оны «дәстүрлі» деп атаған олар бұл шараның тұрақты өтіп тұратындығын білдіреді. Екіншіден, болашақта өткізілетін марафон атауын белгілеген. Қатысушылардың басым бөлігі жүгіруге алғаш рет қатысып отыр, сондықтан 42 шақырым олар үшін өте үлкен күш. Алайда, желаяқтар марафон қашықтығына міндетті түрде жүгіреді, бәлкім, бұған келесі жылы шығып қалар.

Біз әлденеше рет хабарлағандай, екі қашықтық белгіленген: 300 адам қатысқан 21 км және қатысушылардың көпшілігі үшін 10 км.

Жүйріктер қатарында атақты марафоншы Марат ЖЫЛАНБАЕВ болды.  Ол жарыс алдында «стартта суырылып шықпай, тынысты бірқалыпты ұстап, жүгіру қарқыны мен күшті біркелкі жұмсау керек» деген кеңес берді. Тәжірибелі желаяқ бұл кеңесті текке бермепті. Мәреден кейін 10 км қашықтықта жүгірген қатысушылардың бірінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көлігі 42 жастағы ер адамды ауруханаға алып кетті. Бұл қашықтықта 16 жастағы Бисұлтан ҚАЙЫРОВ абсолюттік чемпион атанды. Жас жігіт Алматыдағы республикалық спорт колледжінде оқиды. Жақында ғана оңтүстік астанада өткен осындай жүгіруден 16-18 жастағы жасөспірімдер арасында 2-орын алып, жалпы жүгірісте 4-орын алды.

- 4 мамырда кешкісін анам мені өзімнің туған қалам Атыраудағы марафонға жаздырып қойыпты. Кеше ұшып келдім, кешкісін жаттығып, міне, бүгін бірінші болдым, - деп қуанышымен бөлісті бозбала.

- 37 жастағы әйелдер арасында бірінші орынды ресейлік Аделя ШАБАНОВА алды. 37 жастан жоғары санатта австралиялық Мэтью КУИН мен Анастасия ТКАЧЕНКО жеңімпаз болды. Әсіресе, жеңіске деген жігерімен жүгіріске мүгедек арбасымен қатысқан бірінші топ мүгедегі Ерлан ҚАЗИЕВ көзге түсті. Мәреге ол Атырау әкімі Серік ШАПКЕНОВТІҢ және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Азамат БЕКЕТТІҢ сүйемелдеуімен келді. Бұл қашықтықта облыс әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВ те қатысты.

21 км қашықтықта ресейлік Базарбай ДӘУІТАЛИЕВ жеңімпаз атанды. 23 жастағы мерчендайзер бұл қашықтықты 1 сағат 13 минутта жүгіріп өтті.

- Мен марафон өтетіндігі туралы хабарландыруды интернеттен көрдім. Жеңіл атлетикамен 3 жылдан бері айналысамын. Жұмыстан бос уақытымда жүгіремін. Бірақ мұндай ұзақ қашықтықта қатысып көрген емеспін, – дейді Базарбай. Жолы болды. Айтпақшы, Базарбай Астраханнан жалғыз келмеген. Жүгіруді ұнататын құрбысы Аделя Шабановамен бірге келіпті. Жоғарыда айтылып өткендей, ол да марафонның жеңімпазы атанды. Ал 21 км қашықтықта 37 жасқа дейінгі әйелдер арасында жапониялық Наоми ВАЙТМАН, жоғарғы топта Бауыржан БЕРҒАЛИ мен Уэльстен Ребекка ДЕМПСТЕР жеңіске жетті.


Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

6 мамыр 2017, 21:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.