Атырау, 20 сәуір 11:05
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

7 мамырда алаңда не болады?

3 941 просмотра

7 мамырда сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін Атырауда әскери шерудің өтуіне байланысты Пушкин, Құлманов көшелерінің бойында және Исатай мен Махамбет алаңына дейін көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.

Бұл күні Астанада «Қазақ елі» алаңында ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай әскери  шеру өтеді. Ол Исатай мен Махамбет алаңында орнатылған үлкен экранда көрсетілетін болады. Тікелей хабар тарату аяқталғаннан кейін «Батыс» әскери гарнизоны ұйымдастырған «Әндер шеруі» басталады. Оған Атырау облысының 600-ден астам әскери қызметшілері қатысады. Әрі қарай бағдарлама бойынша алаңда Атырау гарнизоны әскери бөлімдері қызметкерлерінің «Мен қазақтың сарбазымын» атты  шығармашылық концерті өтеді. Сағат 20.00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт басталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 мамыр 2017, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.