Атырау, 29 наурыз 16:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жанжал атыспен аяқталды

3 274 просмотра

3 мамыр күні кешке Нұрсая ықшам ауданындағы букмекерлік кеңсенің жанында екі жас жігіттің арасында жанжал туып, олардың бірі екіншісіне пневматикалық тапаншадан оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.  

23 жастағы жәбірленушінің оң жақ иығы мен құлағы жарақаттанған. Оған медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Ал полицейлер көп кешікпей оқ атқан жігіттің кім екенін анықтады.  Ол 26 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Тапанша тәркіленді. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы оқиға бойынша ҚР ҚҚ 293-бабының 3-тармағы 2-тармақшасы («Атыс қаруын, газды қаруды немесе арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

4 мамыр 2017, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.