Атырау, 20 сәуір 10:08
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

3 372 просмотра

ММНМ-ФУТБОЛ

«Судоремонтник» стадионында «Атырау» ФК кубогына мини-футболдан турнир өтті.

Оған Атырау мен аудандардағы БЖСМ мен басқа спорт ұйымдарынан 12 команда, сонымен қатар, «Атырау» футбол клубының техникалық қызметкерлер командасы қатысты. Алдын ала ойындар мен ширек финалдық матчтардың қорытындысы бойынша екі жұп: Мақат БЖСМ – Исатай БЖСМ және «Атырау» ФК - №4 БЖСМ жартылай финалға шықты. Бірінші жартылай финалда мақаттықтар исатайлықтарды 3:1 есебімен жеңіп, екіншісінде «Атырау» ФК №4 БЖСМ-нен басым түсіп, 2:1 есебімен ұтты. 

Үшінші орын үшін таласқан матчта №4 БЖСМ 2:1 есебімен исатайлықтардан алға шықты. Ал тартысты, тең ойынмен өткен финалда «Атырау» ФК командасы 1:0 есебімен мақаттықтардан озды.

Болат Қабдрахиев (Нұрсая ДСК) турнирдің үздік қақпашысы, Рүстем Қисметов (№4 БЖСМ) үздік қорғаушы, Азамат Досмағамбетов (боксшылар спорт клубы) үздік шабуылшы, Абзал Қапсалимов (Мақат БЖСМ) үздік бапкер деп танылды. Бәрінен көп гол салған Нұржан Бағытов (Исатай БЖСМ) «Үздік бомбардир» атағын алды.

Бұл турнир алғаш рет өткізілді. Енді ұйымдастырушылар оны салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, облыстағы спорттық ұйымдардың қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында тұрақты өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

***

БАСКЕТБОЛ

Щучинскде облыстың құрама (2000 ж.т.) командаларының арасында баскетболдан ел чемпионатының бастапқы туры өтті. Сайысқа 10 команда қатысты. Атырау құрамасы 6 ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

- Біздің команда 12 ұпай жинап, турнирлік кесте көшін бастап тұрды. Одан кейінгі орында тұрған Шымкентте 10 ұпай, - дейді «Атырау» бапкері Саламат Торғаев. – Бұл кезеңде Нұртас Телеубаев пен Нұрасыл Өтегенов командаға үлкен пайда әкелді. Екінші (финал) туры қазанда өтеді, сол кезде чемпион анықталатын болады.

***

Оралда 2003, 2005 жылы туылған бозбалалар мен бойжеткен қыздар арасында баскетболдан «Дружба» Кубогы дәстүрлі халықаралық турнирі өтті.

2005 жылғы бозбалалар командасы тәжірибелі тәлімгер Жидрунас Жвинклистің жетекшілік етуімен бұл турнирде алтын алқа иеленді. Осы жастағы қыздар екінші орынға ие болды. 2003 жылғы бозбалалар командасы Эдуард Скрипецтің жетекшілігімен қола жүлдені алды. Атыраулық Едіге Төлеуов турнирдің үздік ойыншысы, ал Мақсот Темірлан ең пайдалы ойыншысы деп танылды.

***

ОЛИМПИАДА

Австриялық Рамзау қаласында мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында Қысқы арнайы Олимпиада ойындары өтті.

Оған 104 елдің құрамасы, Қазақстаннан 28 спортшы қатысты. Қарадымдағышпен жүгіру сайысына атыраулық Айша Әбішева, Аида Байсмақова, Борис Астахов пен Алексей Алимбаров қатысып, үздік нәтижелер көрсетті. Төртеуі де 4х100 метрлік эстафетада алтын алқалар иеленді. Алексей тағы бір алтынды 100 метрге жүгіруден алды. Аида 200 метрге жүгіру бойынша күміс алқаны қоржынына салды. Сол қашықтықта жүгіруден Айша қола алқа тақты.

«Спешиал Олимпик» ҚБ филиалының төрағасы Бағытжан РАХМЕТОВТІҢ айтуынша, Олимпиада алдында спортшылар Атырау мен Алматыдан жаттығу жиындарынан өткен. Келесі арнайы Олимпиада – жазғы, ол 2019 жылы Әбу-Дабида өтеді.

***

БОКС

«Атырау» ДСК-де Исатай мен Махамбет батырлардың рухына арналған 9-шы дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Оған РФ Шешенстан Республикасынан, Қырғызстаннан, Өбекстаннан, Тәжікстаннан, Моңғолиядан, Қытай мен Қазақстаннан жүз шақты былғары қолғап шеберлері қатысты. Командалық есеп қорытындысы бойынша 1-орынды қазақстандық боксшылар (4 алтын, 5 күміс, 11 қола алқа), 2-орынды – Шешенстанның «Ахмад» спорт клубының командасы (3 алтын және 4 қола), 3-ші орынды Қытай құрамасы (2 алтын) алды. Қырғызстандық Акылбек Эсенбекулы турнирдің үздік боксшысы атанды.

Атырау құрамасының есебінде алқалардың толық жиынтығы бар: «алтын» – Ержан Ордабаевтың, «күміс» - Рашид Салауатовтың, «қола» - Қазбек Сапеновтің еншісіне бұйырды.

ТАЕКВОНДО

Алматыда балалар арасында таеквондодан Мұстафа Өзтүрікті еске алуға арналған 4-ші халықаралық турнир өтті.

Бұл жерде Атырау облысының құрамасы үздік сайысты. «Алтынды» Есбол Елеусінов пен Нұрай Құсайынова иеленді, «күміс» Парасат Болат пен Гүлдана Жалелованың еншісіне тиді, «қола» Сұлтанбек Саясатов, Дария Қайырғалиева, Аяулым Қайыржан, Эльназ Нажимова мен Жанель Жәнібекке бұйырды. Спортшыларды бапкерлер Н.Дүйсембаев, А.Арықов, Е. Алагөзов, Р.Аманғалиев пен Ф.Қаржауов дайындады.

***

ДЗЮДО

Атырау қаласындағы №1 БЖСМ командасы дзюдодан 2002-04, 2005-2007 жылғы бозбалалар мен бойжеткендер арасында Ақтаудағы маңғыстаулық батырлар Иса мен Достанның рухына арналған республикалық турнирде ойдағыдай сайысқа түсті.

- Золотые медали завоевали Диар Айдос, Бек Өтеген және Қатира Базарқызы алтын алқа, Біләл Жалғасбай күміс, Дана Әбдірова қола алқа иеленді. Ұлдардың сайыс тәжірибелері бар, ал қыздар үшін бұл алғашқы сапар еді. Бірден табысқа қол жеткізді, - дейді №1 БЖСМ бапкері Жасұлан Зинуллаев.

***

Алматыда жастар арасында ҚР Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың сыйлығына дзюдодан халықаралық турнир өтті.

Оған 6 елден 500-ден астам спортшы қатысты. Бір ғана алқаны Атырау құрамасында Саида Қапсалықова 78 келі салмақта сайысқа шығып иеленді. Ол төрт рет сайысқа түсіп жеңімпаз болып, финалда қызылордалық бәсекелесіне жол беріп қойды.

***

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

Бакуде грек-рим күресі бойынша жастар арасында «Әзірбайжан Күрес федерациясының Кубогы» халықаралық турнирі өтті.

ҚР құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Оның құрамында атыраулық өкілдер де өнер көрсетті. 66 келіге дейінгі салмақта Қаһарман Қисметов күміс иеленді, 60 келіге дейінгі салмақта Асылбек Қосаманов қола алқа алды.

Дайындағандар Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Марат ТАКУЛИН


4 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.