Атырау, 19 сәуір 21:48
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қылмыстар хроникасы

3 153 просмотра


Сәуірдің 25-де күндіз Құрманғазы ауданында 21 жастағы бақташы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жапырық ауылындағы Шарон өзенінің тармағында малды өткелден өткізіп жатқан кезде орын алған. Бір сағаттан кейін денені сүңгуірлер судан алып шықты. 

***

Авангардтың 23 және 24 жастағы тұрғындарын «Байзар» супермаркетінің күзетшілері «Gillette» ұстарасын ұрламақ болған кезде ұстаған. Хаттама толтырылғаннан кейін күдіктілер басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

***

Жол-патрульдік полиция «Насиха» базарының маңынан «Киа Оптима» көлігін тоқтатты. Жұмыскер тұрғыны - 40 жастағы жүргізушіден алкогольдік масаюдың жеңіл түрі анықталған. Бұдан басқа, соттың оны 2021 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырғаны анықталды. 

***

Құрманғазы ауданының Дәшін ауылының 24 жастағы тұрғыны одеколон ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Зардап шегуші облыстық аурухананың уронефрологиялық бөліміне жатқызылды.

***

Құнанбаев көшесі, 17-үйдің маңында тұрған «Тойота» көлігінен 70 мың теңге ақшасы бар әмиян жоғалып кетті. Жедел қызметкерлер күдіктіге тиесілі екі саусақ таңбасын алды. Жедел-іздестіру шараларының барысында Атыраудың 31 жастағы тұрғыны ұсталды, заттай айғақтар тәркіленді.

***

Қаладағы газ мекемелерінің бірінің қызметкерінің сөмкесінен 50 мың теңге салынған әмиян жоғалып кеткен. Тергеу жүргізілуде.
Дина» базарындағы тігін шеберханаларының бірінде киім киіп көретін кабинада ілініп тұрған шалбардан 30 мың теңге ғайып болған. Бақылау камерасындағы кадрлардан ұрының жеке басы анықталды. Ол Мақат ауданының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Іздеу жарияланды. 

***

Көктем ықшамауданында 2 мамырда сағат 21-де екі қаскөй трансформатор подстанциясын бұзып, қосалқы бөлшектер алмақ болады. Екеуін полиция ұстады. Зиян мөлшері анықталуда.

***

Локомотив депосының 21 жастағы қызметкері 1 мамырда таңертең жұмыс орнында дене жарақатын алған. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 1-іне қараған түні 32 жастағы ер адам Мақат поселкесінің орталығындағы кафеде өз құрбысын ұрып-соққан. «Джентльменді» полиция ұстап, ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Сәтпаев даңғылының бойындағы оргтехника дүкенінен 30 сәуірде Sony Play Station приставкалы үш бейнекамера ұрланған. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Қызылқоға аудандық прокуратурасы хабарлағандай, мониторинг барысында интернеттен кәмелетке толмағандардың жүйкесіне теріс әсер ететін порнографиялық және сексуалдық-эротикалық сипаттағы бейнематериалдары бар сайттар анықталды. Аудандық прокуратураның ұсынысы бойынша ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі осындай 31 интернет-ресурстың қызметін тоқтатты.

4 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.