Атырау, 16 сәуір 10:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Балықты Ақтауға аудара салудың сәті түспеді

3 007 просмотра
«Бекіре-2017» үйлестіру штабының отырысы

Ресейлік шекарашылардың Атырау облысынан шыққан 4 тонналық бекіре тұқымдас балықтар тиелген жүк көлігін ұстағандығы туралы хабарлама жұртшылық пен БАҚ-тарды дүрліктіріп жіберді. Жауапты тұлғалар бұл фактіге «Бекіре-2017» үйлестіру штабының отырысында комментарий берсе де Фура қалай өтіп кеткен?»), бұл хикая қызықты бағыт алды.

27 сәуірде «АЖ» орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВТЫҢ атына браконьерлік фураға қатысты редакция сауалын жолдаған еді. Келесі күні «балық» штабының отырысы өтті. Онда №2016 әскери бөлімінің командирі Мұхтар ҚАНАБЕКОВ пен Батыс өңірінің әскери прокуроры Жанболат АЕКЕНОВ осы тақырыптағы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ал 3 мамырда біздің сұрағымызға жауап келді. Онда, атап айтқанда, былай делінген: «тәркіленген балықтың шығу тегі осы қылмыстық іс тергелетін РФ аумағында анықталатын болады» және «егер балықтың Атырау облысының браконьерлеріне тиесілі екені расталатын болса, онда Инспекция жауапты қызметкерлерге қатаң шаралар алынатын қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізеді... Бұдан басқа, сіздерге ресейлік «Арбуз» интернет сайтына 26 сәуірде шыққан мақаланың көшірмесін ұсынамыз. Онда ұсталған көліктің балықты Ақтау қаласынан (Маңғыстау облысына) Астраханға апара жатқаны көрсетілген. Мұны инспекция да жоққа шығармайды және осы жорамалға тоқтап отыр».

Біз осы сайтпен хабарласқан едік, олар: «әріптестер, сіздердің айтуларыңыз дұрыс, Атыраудың орнына Ақтау деп бізде қате көрсетілген» деп жауап берді. Сол мезет өз мәтіндеріндегі қаланың атауын түзетті.


Түзетілгенге ДЕЙІНГІ және КЕЙІНГІ скриншоттар

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.