Атырау, 20 сәуір 20:55
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ОҚО-да ер адам кәсіпкерден бір миллион доллар бопсалаған

2 849 просмотра

Көрнекі сурет
ОҚО-да үлкен сомада ақша бопсалаған 54 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ОҚО ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны арызданған. Кәсіпкер өз арызында кәсібіне тыныштық бермей отырған азамат, бір миллион АҚШ долларын бопсалағанын көрсеткен. Аталған жайт СДБТР-ға тіркеліп ҚР ҚК-нің 194-бабы "Қорқытып алу" қылмыстық іс қозғалған", - деп хабарлады полицейлер.  

Сондай-ақ, жедел іс-шаралар жүргізу барысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1963 жылы туған Сайрам ауданының тұрғынын өз үйінде 9 миллион тенгені қолма-қол алу барысында құрықтағаны айтылады. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін қарау барысында 9 дана атыс, жарақат салатын, пневматикалық қаруларды және мыңға жуық әр түрлі калибрлі оқ дәрілерді тәркіледі. 

Аталған жайт СДБТР-ға тіркеліп ҚР ҚК-нің екі бабымен қылмыстық іс қозғалды: 194-бабының 4-тармағы "Қорқытып алу", 287-бабының 2-тармағы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру". 

Сот қаулысымен ұсталған азамат 2 айға қамауға алынды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 мамыр 2017, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.