Атырау, 25 сәуір 19:42
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Үшті-күйлі жоғалған ЖШС

3 988 просмотра
Күмісбек кен орнындағы мұнайдың төгілуі. Сурет "АЖ" мұрағатынан.

«Күмісбек» кен орнындағы қараусыз қалдырылған екі ұңғыма тиесілі «Қолжан Ойл» ЖШС басшылығын іздестіру жұмыстары жалғасуда. Кен орны Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылынан 100 шақырым жерде орналасқан.

Біз өткен жылдың желтоқсанында құқыққорғау органдарының ЖШС басшылығын іздестіріп жатқандығы туралы жазған болатынбыз. Бұл екі ұңғымадан аумағы 30 га жерге мұнай қалдығы төгіліп, қоршаған ортаға 800 млн теңгенің үстінде залал келтірген еді. Бүгінде «Ақ берен» ЖШС мұнайдың төгілуін тоқтатуға 61 млн теңге шамасында қаржы жұмсаған.

- Бірақ, бұл нақты сома емес, қазіргі уақытта атқарылған жұмыстарға жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда. Жұмсалған қаржы сомасы маусымның ортасына дейін белгілі болады. Сараптамадан кейін қаржы «Ақ берен» ЖШС-нің есепшотына аударылатын болады, - деп хабарлады Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек ХАСАНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 мамыр 2017, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.