Атырау, 20 сәуір 11:14
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жер телімдері беріле бастайды

4 307 просмотра

Құлсары қаласының әкімдігі биыл 1 мың адамға жер беруді жоспарлап отыр.

Қала бойынша баспана салу үшін жер беру 2007 жылдан бастап тоқтатылған болатын. Бүгінде жер кезегінде 7 мың адам тұр (ал пәтер кезегінде 1 мыңнан астам адам).  

- Мен бұдан жеті жыл бұрын баспана салу мақсатында жер сұрап арыз бергенмін. Біз отбасымызбен пәтер жалдап келеміз. Жыл сайын жер берілер деп үміттенеміз, бірақ, кезегімнің жылжитын түрі көрінбейді. Жер телімін бергенде пәтердің жалдау құнына кеткен ақшаның орнына ең болмаса шағын сарай тұрғызып алатын едік, - дейді Айнұр есімді қала тұрғыны.

- Қалада осыдан екі жыл бұрын 60 пәтерлік 5 үй салынды. Ал ТШО-ның демеушілігімен 30 шақты қызметтік пәтер сатылып алынды. Пәтер мен жер сұраушылардың арызын қанағаттандыру мақсатында қала аумағынан көпқатарлы үй салу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, биыл 1000 адамға жер беруді қарастырудамыз. Бұл жер телімдері қазір инфрақұрылымын салу жұмыстары жүріп жатқан «Болашақ» және «Атырау» атты екі жаңа ықшамауданнан берілмек, - дейді Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН.

Аталмыш екі ықшамауданда қазір «РазаСтрой» ЖШС қазық қағу жұмыстарын жүргізуде. Ықшамаудандардағы су құбырының ұзындығы 215 шақырымды құрайды. Серіктестік жұмысшылары ай сайын 9 шақырым су құбырын жүргізуді міндетіне алған.

Ал электр желісін тарту жұмыстарымен (102 шақырым) «Диар и Компания» ЖШС айналысуда.

- 2 890 электр бағаналары келсе, соның 2 094-і тұрғызылды. 37 600 метр электр желісі тартылды. Инфрақұрылымдардың жұмысы келесі жылы толық аяқталуы тиіс, - дейді Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек ЖАЛЕЛОВ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

2 мамыр 2017, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.