Атырау, 29 наурыз 17:41
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Сел жұтқан, желге ұшқан, жер құшқан миллиардтар...", "Коммунистік мумия", "Василий Нидің ісі және Қорғастың беделі", ""Самұрық-Қазынада" тауықтың миындай ми жоқ екен", "Таяу Шығыстың бөлшектенуі мүмкін бе?"

2 555 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Сел жұтқан, желге ұшқан, жер құшқан миллиардтар..." - Қазақта «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Бірақ бүгінгі Қазақстан үшін айғайлап, аттандап, түре тиісіп, түрлене келетін бір апат бар. Ол – су тасқыны. Иә, көктемгі жылымықта еліміздің көптеген өңірлерін су басу әрекеті кейбір адамдарға солай болуы керек секілді құбылысқа айналған. Тап бір көктемгі уақытта су тасқыны болмаса, су тасқынынан ешкім зардап шекпесе, сол жылдың сәні болмайтындай елестейді.

"Денсаулықты қарызбен сақтандырмақ" - Қазақ билігі медициналық сақтандыруға деп Халықаралық қайта құру және даму банкінен тағы да ірі көлемде қарыз алатын болды. Аз ақша емес, әрине. Бақандай 80 миллион АҚШ доллары.

Еліміздің өзге елдерге қарызы онсыз да аз емес. Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның жалпы берешегі 165 миллиард 364 миллион долларға жетіпті. Бұл – жан басына шаққанда әр тұрғынға орта есеппен 9300 доллардан келеді деген сөз. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан 120-ға жуық мемлекетке қарыз. Ең көп қарыз АҚШ-қа – 58,5 млрд доллар. Нидерландияға – 18,9, Ұлыбританияға – 16,6, Жапонияға – 5,2, Германияға 5 млрд доллар қарызбыз. Іргелес көршіміз Ресейдің өзіне 8 миллиардқа жуық қарызбыз. Қазақ үкіметі алып мемлекеттер ғана емес, Джерси, Сейшел, Кайман секілді ұсақ-түйек аралдарға да миллиардтаған доллар қарыз деген ақпарат бар.

"Коммунистік мумия" - Мумиялар әлемнің жеті кереметінің бірі – Мысыр пирамидаларында ғана емес, коммунист бір мумия көрші ел – Ресейдің астанасы Мәскеудің төрінде, Қызыл алаңдағы мавзолейде жатыр. Большевиктік, сосын коммунистік идеологтар «әлем пролетариатының көсемі» деп атап келген Владимир Ульяновтың мәйіті (Ленин) сонда. Жер қойнауына тапсырылмай, 93 жыл бойына қиналып жатыр: жаны о дүниеде, тәні – фәни жер үстінде. Және де жай жатпай, жылына екі рет – туған және өлген күндері – өзін сағынып жүрген ортодокстарды бір шулатып қойып, бүгінгі саяси ойынның құралы боп қалады.

AZATTYQ.ORG. "Сталиндік террорды әшкерелеген тарихшының ісі" - Ресей билігі сталиндік террордың сұмдықтарын әшкерелеген тарихшы Юрий Дмитриевке "балалар порнографиясымен айналысты" деген айып тақты. Достары мен әріптестері "оның үнін өшіргісі келген биліктің ойлап тапқан амалы" дейді.

"Василий Нидің ісі және Қорғастың беделі" - «Қорғас» шекаралас ынтымақтастық орталығының бұрынғы президенті, «1 миллион доллар пара алды» деп айыпталған Василий Ни мен оның әріптесі Махаббат Сайдуллаеваны қылмыстық жауапкершіліктен босату азаматтық белсенділердің күдігін тудырды. Алматы соты шешіміміз дұрыс деген уәжден танбайды.

365INFO.KZ. "«Менен сұрамай ма?». Олжас Сүлейменов айды аспанға шығарды" - Қазақ әліпбиін латынға көшірудегі асығыстық қосымша проблемалар туғызуы мүмкін. Танымал лингвист-жазушы Олжас Сүлейменов қазақтардың латын әліпбиіне көшуге наразылығын осылайша жұмсартып жеткізіп, сұқбат беріпті.

ABAI.KZ. ""Самұрық-Қазынада" тауықтың миындай ми жоқ екен" - Байдың асын байқұс қызғаныптының" керін келтіргелі отырған жоқпыз. Мемлекеттік активтерді уысында ұстап отырған "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры қазақтың табан ақы, маңдай термен тапқан қаржысын оңды-солды шашуын тоқтатпапты. Бір ғана жылдың ішінде "келді-кетті" кеңесшілердің қалтасына шамамен 27 миллиард теңгені салып беріп, "енді маған не істейсің?" дегендей кісімсіп отырған көрінеді.

"Қорғаныс министрі мұсылманшылыққа тіл тигізді" - Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов қатты қателесті. Ол Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахмановтың "әскерлер арасында радикалды көңіл күйде жүрген қанша діни фанаттар бар?" деген сұрағына жауап беремін деп бүкіл мұсылман қауымның ашуын туғызатын сөз айтқан.

QAZAQTIMES.COM. "Ердоған билігі қуғын-сүргінді жалғастыруда" - Түркияда 9 мың  полицей қызметкері жұмыстан босатылды. Ердоған билігі жұмыстан қуылған полицейлерге АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген айып таққан. Полиция жақтың бұл әрекетін Ұлттық қауіпсіздіктің мүддесіне байланысты деп түсіндірді.

QAMSHY.KZ. "Ресейлік БАҚ: Қазақ елі «атеистер армиясын» құра ма?" - Жақында Қазақстанның қарулы күштерінде әскери қызметкерлердің отбасымен суицидтік әрекеттер мен діни экстремизмнің алдын-алу шаралары өткізілген. Бұл туралы Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ҚР Мәжіліс Парламентіндегі үкімет сағатында хабарлаған. Министр Үкімет сағатында әскери қызметкерлердің мешітке баруына қатысты да пікір білдірді.

EGEMEN.KZ. "Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал..." - Алматыда бір сыпсың әңгіме жүрді. «Несін айтасың, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов бір ғажап келіншекке ғашық болған екен. Ташкеннен ұлы жазушымыздың сол қызға жазған ғашықтық хұсни-хаттары табылыпты... ». Бәріміз де елең ете қалдық. Жаңашыл «Жалын» журналы ма, әлде «Таңшолпан» ба екен, Мұхаң хатынан бірер үзінді жариялап та үлгерді. Ынтықтығымыз арта түсті.

AIKYN.KZ. "Таяу Шығыстың бөлшектенуі мүмкін бе?" - Араб түбегі  бір сөзбен айтқанда Кіші Азия, Таяу Шығыс, Парсы  Шығанағы  аймағында алдағы уақытта  ондаған  жаңа  мемлекеттер  пайда  болуы мүмкін. Әрине,  бұл  мәселе енді  ғана айтылып отырған  жоқ.  2011  жылдан  яғни, «Араб көктемі»  деп аталатын  дүрмек  басталғаннан  бері,  әсіресе  Батыс  елдерінің  ақпарат  құралдары тынбай  жазып келеді. Саясаткерлер,  сарапшылар бұл болуы мүмкін   мәселені түрліше құлпыртып айтуда.

"Ерлан Көкеев: фонограмма жойылса, ештеңе жоғалтпаймыз" - «АБК»-дан соң «К-7» тобын құрған музыкант ерлан көкеев бүгінде музыка мен бизнесті қатар үйлестірген. концерт, іс-шаралар ұйымдастыратын арт-менеджерлер тәрбиелеп жүрген музыканттан 25 жылдық мерейтойлық концерті алдында сұхбаттасудың сәті түскен еді.




28 сәуір 2017, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.