Атырау, 24 сәуір 02:34
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Македония ұлтшылдары Албания тумасының парламент спикері болуына қарсы

1 708 просмотра

Македония астанасы Скопьеде ұлтшылдар этникалық албандық Талат Хаферидің парламент спикері болуына наразылық білдіріп жатыр. 

Парламент алдына жиналған шерушілер ғимараттың ішіне баса-көктеп кіріп, социал-демократиялық партияның басшысы Зоран Заев пен бірнеше депутатты соққының астына алды. Тек бір сағаттан кейін полицейлер тәртіпсіздікке тосқауыл қойып, жағдайды бақылауға алды. Оқиғаға байланысты ел президенті халықты сабырға шақырып, елдегі ахуалдың ушығуына жол бермеуге шақырды. Сондай-ақ ірі саяси партия өкілдерінен тығырықтан шығудың жолын іздестіруге үндеді.

Дереккөз: 24.kz

28 сәуір 2017, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.