Атырау, 19 сәуір 22:59
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жүргізушілерге салынатын айыппұл сомасы қысқарады

2 713 просмотра

Фото: Tengrinews.kz
Әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұл сомасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Сенаттағы үкімет сағаты барысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру мақсатында біз өзіміздің құқық қолдану тәжірибемізді қайта мұқият қарап шығып, әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұл сомасын қысқарту туралы шешімге келдік", - деді министр. 

Оның айтуынша, мұнда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар туралы айтылып тұрған жоқ. "Мысалы, көлікпен тоқтап және оны тұраққа қою кезінде салынатын айыппұл көлемін азайту ұсынылып отыр. Ал фараны міндетті түрде қосып жүру туралы талаптарға келетін болсақ, ол әрекет алғаш рет жасалса, тек ескерту айту ұсынылады", - деді Қасымов. 

Сондай-ақ, министр 2017 жылдың алғашқы үш айында жол-көлік оқиғаларының 13,2 пайызға азайғанын, жол апатынан қаза тапқандардың саны 27,2 пайызға және зардап шеккендердің саны 10,4 пайызға азайғанын айтып өтті. 

Қасымовтың айтуынша, соңғы жылдары жол апаттарының саны бірінші кезекте әкімшілік шараларды күшейткендіктен қысқарған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 сәуір 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.