Атырау, 19 сәуір 10:10
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Астраханьдағы «экстремистің» келбеті", "Би екеу болса, Ни төртеу болады", "«Сталинизмнен кейінгі сталинизм» – біз шындықты, шынайы тарихымызды білгіміз келмейді", "Айталы: «Латын әліпбиі? Ресей бекер алаңдап отырған жоқ»", "Ақүйдегі құпия отырыс...

2 690 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Астраханьдағы «экстремистің» келбеті" - Ресейдің Астрахань облысында экстремистердің полицияға жасаған шабуылына Қазақстанда туған үш адамның қатысы туралы болжам расталмады. Бірақ Қазақстанға да еніп кетіп жатқан радикалды идеялар бұл аймақта тез таралады.

"Чернобыль апатының жарияланған құпиясы" - Украинада Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюмен айналысқан Украина Коммунистік партиясы орталық комитетінің (УКП ОК) жедел тобының жұмысы жайлы құжаттар жинағы жарияланды. Кітапқа 1986 жылғы наурыздың 3-інен 1987 жылғы қарашаның 16-сына дейінгі аралықта жедел топтың 130 жиналысының хаттамасы мен стенограммасы және 1988 жылы жұмысын аяқтаған соң қабылдаған шешімі енген.

ZHASALASH.KZ. "Болашаққа бағдар: байлар да жаңғыра ма?" - Сонымен, қоғамдық сананы жаңғыртуы тиіс бағдарламаны жүзеге асыратын ұлттық комиссияның жұмысы басталды. Комиссия президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жобаларды іске асыру үшін өз ішінде жұмыс топтарын құратын болды. Бұл топтарға салалық мамандар, сарапшылар, ғалымдар, білім және мәдениет қайраткерлері кірмек. Сосын олар қоғамдық сананы жаңғыртуға білек сыбана кіріспек. Әзірге халық санасының қаншалықты жаңғырғанын анықтайтын, бағалайтын амал-тетіктері бізге белгісіз. Белгілісі – жұрттың көбі жаңғыруға дайын.

"«Сталинизмнен кейінгі сталинизм» – біз шындықты, шынайы тарихымызды білгіміз келмейді" - Сталин дәуірі – қанды дәуір. Әсіресе, қазақ үшін. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандатып, тышқақ лақ қалдырмай қазақтың малын тартып алып, ашаршылыққа ұшыратты. Ұлт қайраткерлерін қынадай қырып, оқтан аман қалғанын айдауға жіберіп қуғындады. Тіпті олардың отбасы, бала-шағасына дейін «халық жауы» атандырып, сағын сындырып, қоғамнан аластады. Екінші дүниежүзілік соғыста талай боздақ жер құшты. Ұлттың жұлынын зақымдады. Ұлттық психологияға орны толмас зор апат әкелді. Сол апаттан қазақ әлі арыла алмай келеді. Сталинизм салған жара жазылған жоқ. Шошынған ұлт санасы күні бүгінге дейін өз-өзіне келе алмай жүр. Жараның жазылуына мүмкіндік жоқ. Неге десеңіз, Қазақстан ширек ғасырдан астам уақыттан бері Ресейдің ақпараттық кеңістігіне бағынышты күйде өмір сүріп келеді. 

"Би екеу болса, Ни төртеу болады" - Қазір ерінбегендер әлеуметтік желіде Василий Ни тақырыбын талқылап, кеденнің бұрынғы басшысын сынап, сан түрлі пікірлер айтып жатыр. Ел миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған (коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 2016 жылдың қыркүйегінде дәл осылай мәлімдеген – ред.) «Қорғас» ШЫХО президенті Василий Нидің қылмыстық жауапкершіліктен босап кеткенін түсіне алмай әлек. Жасыратыны жоқ, жұрттың көкейінде сот әділ шешім шығармады, ақшаға сатылды, біздің елде заң бәріне бірдей емес екен деген түсініктің тұрғаны анық. «Би екеу болса, дау төртеу болады» деген, бұл істе судьялар қиыннан қиыстырып, заңға сәйкес шешім шығарғаны рас. Бірақ ол шешім істі жабудың орнына дауды көбейтіп тұр.

QAZAQTIMES.COM. "Ақүйдегі құпия отырыс: Шекарадағы АҚШ-Корей армиясы іске қосылмақ" - Солтүстік Корея мәселесіндегі ең жаңа жағдай: Ақ үйде Құрама Штаттың 100-ге жуық ең жоғары лауазымдылары қатысқан құпия жиналыс өтті.  АҚШ үкіметі іске кірісті. Солтүстік Кореяға барлық мүмкіндікті пайдалана отырып қысым түсірмек. Ары қарай толық мәтіннен көре аласыз.  

365INFO.KZ. "Айталы: «Латын әліпбиі? Ресей бекер алаңдап отырған жоқ»" - Латын алфавитіне көшудің себептері неде? Бұл туралы kaz.365info.kz сайтына тұрақты авторымыз, танымал ғалым Амангелді Айталы Жіліктеп, айтып берді.

ABAI.KZ. "Досым Сәтпаев зейнетақы қорының жанынан құрылған қоғамдық кеңестен кетті" - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанынан құрылған қоғамдық кеңесті басқарған саясаттанушы Досым Сәтпаев орыннан кетті. Зейнетақы жүйесінің олқылықтарын тізбектеп, қоғамдық талқылау ұйымдастырып, халық қаражатының тағдырына жауаптыларды іздеген төрағаның қандай себептермен бұндай қадамға барды?

"О.Сәбден. Түркістанды рухани астанаға айналдыруды ұсынамын" - Мемлекет басшысының таяуда «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» мақаласы көптің көкейіндегісін дөп басқан, Қазақ ұлттық мемлекеттігін нығайтуға бағытталған маңызды құжат. Рухани жаңғыру арқылы жаңа биіктерге ұмтылу өмірдің қасиетті ұстанымы. Бұл бағдарламалық мақалада көзделген жұмыстардың жемісі отарлық санадан арылған, түбі бір түркі әлемімен жақындасқан рухани кемел ел құру болмақ.

DALANEWS.KZ. "Биліктің фейктері қалай жұмыс істейді?" - Бұл тақырыпты басқаша қоюға болар еді. Айталық, «билік Әблязовпен қалай күресіп жатыр?» деп. Бұл екеуі әзір әлеуметтік желідегі аудитория үшін, аудиторияның назарын аудару үшін таласып жатқан, жаға жыртысып жатқан жайы бар. Байқасаңыз, Мұхтар соңғы кездері ашық кетті. Тайынбаймын дейді. Тарих қойнауына сіңген ДВК-ны қайта тірілтті. ДВК-ны құрғанын айтып видеоүндеу жолдады.

QAZAQUNI.KZ. "Жүрсін Ерман Назарбаевқа: Сайлауларыңыздың алдында үш рет ақындар айтысын жасадым" - Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы барысында сөз алған ақындар айтысының ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан айтысқа қолдау көрсетуді сұрады.

QAMSHY.KZ. "Мұстафа Өзтүріктің шәкірті Ілияc Керім: қазақстанда бапкер болып қалуға дайынмын" - Қазақстанға Түркия қазақтары арасындағы Мұстафа Өзтүріктің шәкірті Ілияс Керім алғаш рет келді. Ол бұған дейін бірнеше дүркін Түркия бойынша чемпион болған. Қазіргі кезде таэквондо бапкері ретінде болашақ чемпиондарды тәрбиелеп отырған ол Өзтүріктің төл шәкірті.



27 сәуір 2017, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.