Атырау, 20 сәуір 16:58
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Дамаскіде жойқын жарылыс болды

3 294 просмотра


Сүрия астанасы Дамаск әуе жайына жақын жерде жойқын жарылыс болды деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі. 

Әзірге жарылыстың неден болғаны белгісіз, бұл жайында Дамаск қаласының  ресми орындар ешқандай  мәлімдеме таратпаған. Бірақ «Хезболла» ұйымының қарамағындағы  «Әль-Манар» теле арнасының мәлімдеуінше, Израиль әуе күштерінің бомбылауының салдарынан Дамаск әуе жайының жағар жанармай қоймасында жарылыс болған. 

Ал Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша жарылыс болған қойманы осы уақытқа дейін «Хезболла» қозғалысы пайдаланып келген. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

27 сәуір 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.