Атырау, 25 сәуір 05:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Назарбаев ұлтаралық қақтығыстар жайлы: Қатты алаңдаймын

3 768 просмотра


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде болып жатқан ұлтаралық қақтығыстар мен экстремизм актілеріне алаңдаушылық білдіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз Қазақстанда 25 жыл ішінде осындай қақтығыстардың болмағанына үйреніп қалдық: этно-конфессионалдық және басқа да қақтығыстар. Нәтижесінде кейбір мемлекеттік органдарда немесе біздің өзімізде-ақ жайбарақаттық пайда болды. Мен, мысалы үнемі қатты алаңдаймын", - деді Президент Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы барысында. 

"Біз осы мәселеде өте сақ болуымыз керек. Экстремизмді байқаған жағдайда оны тоқтатуымыз керек - бұл біз бен сіздерге қойылатын тапсырма. Сонда ғана біз дамимыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ, Президент әлемдегі біраз қалада лаңкестердің шабуыл жасағанын еске алды. "Біз өзімізде бар барлық жаһандық тәуекелге дайын болуымыз керек. Сіздер әлемдегі ең қауіпсіз елдердің өзінде, мысалы Петербург, Ницца, Париж, Лондон сияқты жерлердің лаңкестік шабуылдардың нысаны болғанын көрдіңіздер. Олар кез келген жерден өте алады және ойына келгенін жасай алады", - деді Мемлекет басшысы. 

"Бүгінде әлемде этностар арасындағы және дінаралық қатынастардағы қақтығыстар аса алаңдатушылық туғызады. Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық жерде жаппай алаңдаушылық болып жатыр", - деді Президент. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің либерал үлгісіне тоқталды. "Либерализм де өзгеріске ұшырап жатыр. Онда болып жатқанның барлығы бізге сәйкес келмейді. Барлығы халықтың мүддесіне, біздің салт-дәстүрімізге, тарихымызға сәйкес болуы тиіс. Осының барлығын өткеру керек. Бұл біз өмір сүріп жатқан ғаламдық шындық. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес", - деді Президент. 

Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев адамдарды ұлттарға бөлінбеуге шақырды. "Барлық әлемнің есі шығып кетті - кімнің қаны қандай. Барлығымыздың қанымыз бір, "Мауглидегідей", естеріңізде ме? Барлығымыз бір әке мен бір анадан - бір қаннан туғанбыз деп ойлауымыз керек", - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатыр. Күн тәртібінде: "Тұрақтылық, бірлік, келісім - жаңғырту негізі". Cессияға барлық өңірдегі ассамблея ардагерлері мен мүшелері, республикалық және өңірлік этно-мәдени қауымдастықтардың төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялардың мүшелері, діни ұйымдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысып жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 сәуір 2017, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.