Атырау, 29 наурыз 10:43
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Киіміне бола тілшіні әкімдікке кіргізбеудің мән-жайы", "«Қазбатты» қақтығыс ошағына жіберу және жәрдемақы мәселесі", "Үш тілге үйір билікке қазақ тілінің доминант тіл болғаны қауіпті", "Пара алсаң, миллиондап ал..."

2 237 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Киіміне бола тілшіні әкімдікке кіргізбеудің мән-жайы" - Атырау облысы әкімдігі ғимаратына кәсіби қызметін атқаруға барған журналисті кроссовка кигені үшін кіргізбей қойған. Мәселенің жай-жапсарына үңілген Азаттық тілшісіне әкімдіктің киім туралы бұйрығы бар екені айтылды. Ал журналистер құқығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы өкілі «Бұл - тілшінің кәсіби қызметіне бөгет жасау» дейді.

"«Қазбатты» қақтығыс ошағына жіберу және жәрдемақы мәселесі" - Қазақстан қорғаныс министрлігі «Қазбат» батальонының бітімгершілік роталары қақтығыс ошақтарына жіберілуі мүмкін деген ақпаратты растады. Қазақстанда әскери қызметшілер әлеуметтік тұрғыдан жеткілікті қорғалмайды деп санайтын әскери сарапшы билікті бұл саланы реттейтін заңдарды қайта қарауға шақырады.

ZHASALASH.KZ. "Тараздағы Ленин көшесін кімге сақтап отыр?" - Қай елде ұлттық нышандар елдi мекендердiң, көшелердiң аттарынан менмұндалап тұрса, сол елдiң еңсесі биік, мерейi үстем, бет-бейнесi айқын. Алайда тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, ұлттық десе ұстамасы бар басшылардың кесірінен қазақ даласында әлі күнге Ленин, Советский, Октябрь деген сықпыттағы елдің еңсесін түсіріп тұрған мың сан көше бар.

"Пара алсаң, миллиондап ал..." - Қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртаза «Бір кем дүние» кітабында «Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: әлсіздер тұтылып, әлділер құтылып кете береді» деп толғаныпты. Әрине, заңда тұрған не бар? Тәуелсіз еліміздің заңдары тайға таңба басқандай ап-анық, рет-ретімен, бапқа, тармаққа бөлініп жазылған. Тек соны бұзып, бұрмалайтындар бар емес пе? Шерағаңның да тұспалдап айтып отырғаны осы ғой.

ABAI.KZ. "Үш тілге үйір билікке қазақ тілінің доминант тіл болғаны қауіпті" - "Ranking.kz" сайты рейтинг жасап, Қазақстандағы қазақылықтың, қазақтың әм қазақ тілді азаматтардың саны 82%-ға жеткенін жариялап отыр. Аталған сайттың дерегіне сүйенсек, 2016 жылдан бері қазақ тілді БАҚ 13%-ға көбейген екен. Бұл - статистика. Енді осы статисканы сараптап, сөйлетіп көрейік.  

"Мұхтар Әбілязов өзінің қызметкерлерін қалай «пайдаланды»" - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қашқын банкир Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық істі қарау одан әрі жалғасуда. Соттың бүгінгі отырысында прокурорлар БТА банктің қызметкерлерінің атына тіркелген оффшорлық компанияларды несиелеуге қатысты қылмыстық әрекеттер сұлбасын жария етті.

QAZAQTIMES.COM. "Еуропа Ресейге жылы қабақ танытты" - Еуроодақ сыртқы саясаттың негізгі мәселелері бойынша Ресеймен диалогты кеңейткісі келеді. Бұл Еуропалық елдер мен Ресей қарым қатынасының біршама оңала бастағанының алғашқы көрінісі деп бағаланып отыр. Ал мұның керісінше ЕО АҚШ-тың сыртқы саясатына деген алаңдаушылығы барған сайын күшейіп келеді.

JASQAZAQ.KZ. "Депутат: Әділ шешім шығаруға әлі де уақыт бар" - Бір миллион доллар пара алды деп ұсталған «Қорғас» халықаралық орталығының бұрынғы басшысы Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы осы аптада Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов мәлім етті. Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған тақырып әлеуметтік желіде қызу талқылануда.  «Ни бір миллион доллар пара алса да бостандыққа қалай шықты?», — деген сауал жұртты мазалауда. Бұл сауалдың жауабын алу мақсатында еліміздің Жоғарғы Сотының баспасөз қызметіне де хабарластық. Алайда баспасөз қызметіндегілер «Аталған іске қатысты жауапты шешім шығарған сот беру керек», — деп жауап берді. Jasqazaq.kz тілішісі бұл сауалды Мәжіліс депутаттарына да қойып көрді.

QAMSHY.KZ. "Тіл институты мен Kazak Grammar-дың жекпе-жегі" - yvision.kz сайтында латын әліпбиіне байланысты жан-жақты салыстырмалы талдау жасалған материал жарияланған болатын. Латын әліпбиіне сәтті көшуіміз қазақ тілінің ертеңгі күні үшін маңызды мәселе екендігін ескере отырып, сезіне отырып орыс тіліндегі материалдың қазақшаға аударылған нұсқасын Қамшы оқырман назарына ұсынып отыр.

EGEMEN.KZ. "Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді" - Төлем балансының негізгі тәуекелдері іске асырылды. Қазақстанның экономикасы мұнайдың төмен бағаларына бейімделді, мұнайға жатпайтын экспорттың нақты көрсеткіштері оң серпін танытып отыр, ал тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 2016 жылы барлық тарихи жетістіктен асып кетті. Бүкіл осы көрсеткіштер Қазақстанның төлем балансында – елге және елден ақша қаражатының қозғалысы тіркелетін арнайы шотта көрсетіледі. Елдің төлем балансынан тағы қандай деректерді алуға болатыны туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры Ақылжан БАЙМАҒАМБЕТОВ айтып берді.

AIKYN.KZ. "Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Әмір Темір әсер етті ме?" - Өзбекстанның ажарлы, көрікті тарихи қалаларының бірі Самарқанға аяғымыз тиісімен өздері “Гур Эмир” деп атайтын Әмір Темір кесенесін көруге құмарттық. Жалпы мұнда келгелі байқағанымыз, біздің қазақ “Ақсақ Темір” деп баға берген даңқты билеушіні өзбектер тым әспеттеп, төбелеріне көтереді екен. Біздің жолбасшымыз да кесенеге жеткенімізше “Әмір Темір – әлемдегі ең ұлы қолбасшы. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, Шыңғысханның өзі бірнеше рет жеңілген. Ал Әмір Темір соғыста ешқашан жеңілмеген” дегенді қайта-қайта айтты. Үнсіз тыңдап келеміз. Өйткені, біздің ұғымымыздағы Әмір Темір – тым қарама-қайшылыққа толы тұлға.


26 сәуір 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.