Атырау, 25 сәуір 15:38
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Бас прокурор Асановтың «мемлекетшілдігі» мен «аңдап басуы»", "Балақсыз дін мен сақалды саясат қайда апарады?", "Парақорларды түрмеден босататын ол қандай заң?", "Еуроодақ пен Түркия неге тіресіп тұр?", ""Бес көз" ұйымының құпия жиыны әлемді алаңдатуда"

2 440 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Бас прокурор Асановтың «мемлекетшілдігі» мен «аңдап басуы»" - Жақып Асановтың бас прокурор қызметіне тағайындалғанына бір жыл толды. Жұмысына белсене кіріскен оны «қазіргі саяси жүйе белгілеген шектен аса алмайтын мемлекетшіл тұлға» деп сипаттаушылар да, «бұл орында ұзақ отыра алмайтын адам» деп жорушылар да бар.

"Баспана жайын «анау жол», «мынау жол» демей шешуді ұсынады" - Қазақстанда екі жарым миллион адам баспана кезегінде тұр. Олардың бір бөлігі – мемлекеттік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары, өзгелері әкімдік арқылы бөлінетін мемлекеттік баспананы күткендер.

ZHASALASH.KZ. "Superman" - Астананың әкімі Әсет Исекешевке қала шетіндегі Талдыкөл жағасында киіз үйде тұру «бақыты» бұйырмаған сияқты. Есесіне оған АҚШ мультфильмдеріндегі балалардың сүйікті кейіпкері – superman болу міндеті тұр. Исекешев бұған дейін де әлеуметтік желіде supermen болып көрген. Бірақ онысын енді шынайы өмірде төрткіл дүниенің алдында дәлелдеуі тиіс.

"Балақсыз дін мен сақалды саясат қайда апарады?" - Қайда апаратыны белгісіз. Салафизм-уахабизм деп сипатталған теріс діни ағымға Қазақстанда заңмен тыйым салынбаған. Сондықтан мұндай ағымдардың жұмыс істеуіне кедергі жоқ. Мұртсыз ұзын сақал қою, қысқа балақты шалбар кию де салафизм жолын ұстанушылардың сыртқы белгілері делінеді. Қоғамда неше жылдан бері қып-қызыл даудың ошағына айналып, елдің үрейін алған теріс ағым туралы тағы сөз шығып, бұл жолғы әңгіме сақал мен балақ төңірегінде болды.

INFORM.KZ. "Долларсыздандыру: Ұлттық банк ұлттық валюта үшін не істеп жатыр" - Әлемді шарпыған жаһандық дағдарыстың бір саласы «валюта соғысы» ретінде де сипатталады. Шындығында дүниенің қаржы жүйесіне үстемдік етіп келген долларға қарсы «соғыс» соңғы бірнеше жыл бойы көптеген мемлекеттің күн тәртібінде тұр. Валюта сарапшылары доллардың әлемдік үстемдігін сонау жылдары алғаш рет араб түбегінде ағытылған мұнайдың әлемдік нарыққа шығуымен байланыстырады. АҚШ-тың алпауыт компаниялары араб мұнайын әлемдік нарыққа шығару үшін оның баррелін доллармен сатуды ұсыныпты-мыс. Содан бастап «көк қағаздың» әлемді жаулап алу миссиясы басталған. Әрине мұны теріске шығара алмайтынымыз да бар. Өйткені мұнай әлі күнге доллармен сатылады. «Қара алтын» бағасы құлдыраса, ұлттық валютадан да дегбір кететіні сол, бір жағынан.

365INFO.KZ. "Парақорларды түрмеден босататын ол қандай заң?" - 1 миллион доллар пара алды деп ұсталған «Қорғас» халықаралық орталығының бұрынғы басшысы Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Алматы қалалық соты шығарған үкім бойынша, 2016 жылдың 5 қыркүйегінде ұсталған Василий Нимен қоса, «Қорғастың» инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаева да ақталған.

"«Тоқтар ондай емес». Қазақтың қыздары жігітке бергісіз — Исрайыл Сапарбай" - Қазаққа танымал ақын Исрайыл Сапарбай шетелдікке тиген қазақ қыздарын жезөкшеге теңеу дұрыс емес, бұл барып тұрған бассыздық деп, мәлім етті. Ақын осындай пікірді ортаға тастаған әнші Тоқтар Серіковтің бұлай айтуы мүмкін емес деп азар да безер.

ABAI.KZ. "Ата заңымыздың 93-бабын неге ескермейміз?" -  2016 жылғы 3 шілде күні Матрица.kz. порталында жарияланған «Кто ответит за трехязычие» деген менің мақаламды 19 мыңға жуық адам оқыпты. Бұл мақалада мен білім берудегі «үштілділік модельдің» біздің Ата заңымызға сәйкес келмейтініне назар  аударған болатынмын. Ол мақалаға 30-ға жуық пікір білдіріліпті. Менің ойымды толық жоққа шығарудан  бастап онымен  толық келісуге дейінгі осы пікірлер спектрі өте кең, әрі ауқымды болды.

"Құлдық санадан құтылмай ісіміз алға баспайды" - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының бірден мемлекеттік тілде жарыққа шығуы - ширек ғасырдан астам уақыт өз жерінде өгей баладай күй кешкен қазақ ұлты және оның ана тілі мемлекеттік тілдің көптен бері еңсесін басып келген ауыр салмақты бірден сілкіп тастамаса да, жылт еткен бір үміт отын жаққандай болғаны рас дер едім.

QAZAQTIMES.COM. ""Бес көз" ұйымының құпия жиыны әлемді алаңдатуда" - Соңғы бірнеше күнде АҚШ, Ұлыбритания, Австралия қатарлы бірнеше елдің Қауіпсіздік және барлау басқармаларының лауазымдылары, бірінен кейін бірі Жаңа Зеландияға ұшып келіп, құпия кеңеске қатысты. Аталған елдердің қауіпсіздік органдарын суыт жүріске салған істің себебі ақпарат құралдарынан жасырулы күйде тұр. Әлемдік ақпарат құралдарының қызығушылығын оятқан бұл істің сырына Жаңа Зеландия үкіметі де жарытымды жауап бермеді.

JASQAZAQ.KZ. "Қазақы қалжыңның серкесі" - «Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» демекші, «Тамаша» ойын-сауық отауының ыстық-суығын әуел бастан көтергендігінен бе, әлде көрермен жүрегіне өте жақын тұрғандығынан да шығар, неге екенін, менің көз алдыма ең алдымен Құдайберген Сұлтанбаев елестер еді. 

AIKYN.KZ"Еуроодақ пен Түркия неге тіресіп тұр?" - Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым «Еурооадақ өз ұйымына біздің елді мүшелікке ала ма, жоқ па, осы күнге дейін нақты бір шешімін айтқан жоқ» деп наразылығын білдірді.

"Франциядағы сайлау Eуроодақтың тағдырын шеше ме?" - Кеше жексенбі күні Франциядағы президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды. Сөйтіп, сайлаудың екінші кезеңіне екі кандидат қатар өтті.

QAMSHY.KZ. "М. Тазабек: «салафилер» – мемлекетті мойындамайтын, елбасына бойұсынбайтын, шетін көзқарастағылар" - 19 сәуірде Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған II Республикалық имамдар форумы өтті. Форумнан кейін дін қызметкерлері қабылдаған Елбасы деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу керектігін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы діни сауатсыздыққа ерекше көңіл бөліп, ерлеріміздің ұзын сақал қойып, балақтарын қысқартып тастайтынын, ал қыздарымыздың қара көйлек киіп, бет-аузын тұмшалап алатын әрекеттерін сынға алып, бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін қарастыруды тапсырды. Елбасының шешіміне байланысты Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісі елімізде имандылықты насихаттап жүрген "Асыл арнаның" жетекшісі Мұхамеджан Тазабектен сұхбат алды.

QAZAQUNI.KZ. "Смағұл Елубай: Балабақшадан бастап, ешкімнің де ұлтына қарамай мемлекеттік тілде тәрбие беру керек" - Елбасы қазақтың маңдайына біткен талантты жазушылары, рухани тарихымыздың тамыршылары, көркем әдебиет пен кинодағы тарихи жадымызға айналған Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржеке, Смағұл Елубайды қабылдады. Онда Елбасы өз мақаласында айтылған ойлар мен қоғамдағы бірқатар қордалы мәселені сөз етті.


25 сәуір 2017, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.