Атырау, 25 сәуір 02:56
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда қоғамдық денсаулық қызметі пайда болады

2 566 просмотра

Фото: Tengrinews.kz
Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысы барысында айтты. 

"Біз ЭЫДҰ елдерінің қоғамдық денсаулық сақтау қызметіндегі тәжірибелеріне талдау жасап шығып, өткен ғасырлардағы санитарлық қызметтердің орнына қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің келгеніне көз жеткіздік. Осыған байланысты халықаралық тәжірибе елімізде қоғамдық денсаулық сақтаудың бірыңғай қызметіне көшу қажеттігін көрсетеді", - деді  Елжан Біртанов. 

Оның айтуынша, Қазақстанда әлем елдеріндегідей адам өліміне созылмалы жұқпайтын аурулар себеп болады: артериялы қысымның көтерілуі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы,  қант диабеті және онкологиялық аурулар. 

"Әлемде адам өлімдерінің жалпы 70 пайызы созылмалы жұқпайтын аурулардан болады. Бұл дегеніміз жыл сайын 40 миллион адам өлімі. Ал жұқпалы аурулардан адамдардың екі пайызы ғана көз жұмады", - деді денсаулық сақтау министрі. 

Сондай-ақ, министр бүгінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жобасы дайындалып жатқанын айтып өтті. Бұл қызметтің негізгі мақсаты - халық денсаулығын нығайту. 

Елжан Біртановтің айтуынша, әлемдегі үздік тәжірибені ескере отырып, үшін еліміздегі үш мемлекеттік ұйыммен біріге отырып Қазақстанда қоғамдық денсаулықты сақтаудың Ұлттық орталығын ашу жоспарланып отыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 сәуір 2017, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.