Атырау, 20 сәуір 03:18
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Францияда сайлау нәтижесінен кейін фашизмге қарсы ереуіл басталды

3 483 просмотра

Франциядағы ереуіл. Фото: Түрік Теле-радио сайты.
Францияда президент сайлауында басым дауыс жинаған Эммануэл Макрон мен Марин Ле Пенге қарата «Фашизмге қарсымыз» атты шеру өтуде. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр. 

Франциядағы Бастиллия тарихи алаңына жиналған, өздерін «Фашизмге қарсы топ» атаған наразылық білдірушілердің басым көпшілігі, сайлаудың келесі айналымына өте алмай қалған Жан-Люктің жақтастары болып шықты. Олар Макрон мен Ле Пеннің ұстанымдарына қарсылықтарын білдіруде. Ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығысқа ұласқан наразылық шарасы әлі де толық тарқала қоймаған. Аталған елдің бірнеше қаласында орын алған қарсылық шарасының бәрінде полицейлермен қақтығыс орын алды. 

Естеріңізге сала кетейік, Франция президент сайлауының нәтижесі бойынша, алғашқы турна Эммануэл Макрон мен Марин Ле Пен алға шығып, екінші айналымға жолдама алған болатын. Радикал оңшыл «Ұлттық майдан» партиясының басшысы Марин Ле Пенді президент етіп сайламас үшін өзгелер Макронға дауыс беруге дайын екенін «Франция 2» телеарнасы бүгінгі хабарында айтқан болатын.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

25 сәуір 2017, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.