Атырау, 28 наурыз 18:07
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Атырауға» алты ұпай қайтарылды

2 690 просмотра

«Атыраудың» жаңа бапкері Сергей ПАВЛОВ қаламызға түрлі ресейлік командаларды турнирдегі ауыр ахуалдан шығару тәжірибесімен қоса сәттілік те ала келгенге ұқсайды. Бірнеше күн бұрын мұнайшылар ел Кубогының 1/8 матчында жеңіске жетті. Ал 24 сәуірде «Атырау» футбол клубына 2017 жылдың маусымы басталар алдында черногорлық бапкер Зоран ФИЛИППОВИЧТІҢ алдындағы қарызы үшін шегеріп тасталған 6 ұпайдың қайтарылғаны белгілі болды.

«Атырау» ФК директоры Тимур НИҒЫМОВТЫҢ айтуынша, осы жағымсыз жағдайдағы ең қиыны ФИФА Тәртіптік кеңесін істі қайта қарауға үгіттеу болған. Ол үшін клуб еуропалық лицензиясы бар адвокат Михаил ПРОКОПЕЦТІ жалдап, оның көмегімен жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін болды.

Тиісті өзгерістер туралы Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) сайтында хабарланды:

«Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы FIFA Тәртіптік комитетінің шешіміне сай, Қазақстан футбол федерациясы ұйғарымын орындап, «Атырау» футбол клубына алты ұпайын қайтарып бергендерін жариялады. 2017 жылдың маусымындағы Қазақстан премьер-лигасының турнир кестесіне өзгерістер енгізді».

Минустық баланстан құтылған «Атырау» енді нөл ұпаймен бұрынғыша кестедегі соңғы 12-орында қалды.

Марат ТАКУЛИН

25 сәуір 2017, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.