Атырау, 25 сәуір 03:47
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Рухани жаңғыру неге көш соңында жүр?", "Президент пен жазушылар кездесуін әрқалай жориды", "Дулат Исабеков: Ондайды есі дұрыс адам айтпайды", "Косарев "Көсемінің" мәйітін қазақ жеріне әкелмек...", "Түркияның қиын өткелі"

2 289 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Рухани жаңғыру неге көш соңында жүр?" - Біз өзімізді тәуелсіз мемлекетпіз деп санаймыз, бірақ тәуелсіздік – саяси, экономикалық, рухани сияқты үш саладан тұратынына онша көңіл бөле бермейміз. Мемлекет толыққанды тәуелсіз ел болуы үшін осы үш саланы қатар дамытуымыз керек. Ал Қазақстан билігі осы кезге дейін «әуелі – экономика, сонан соң – саясат» деген принципті ұстанып, ширек ғасыр бойы экономика мен саясатқа көңіл бөліп (оны қалай іске асырып келгені бөлек әңгіме), рухани тәуелсіздікке онша көңіл бөлген жоқ. Соның салдарынан осы мемлекетті құрушы титулды ұлт болып саналатын қазақ халқының ұлттық мүддесін «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» деген жалған қағидаға сүйеніп, оны осында өмір сүретін 130 диаспора мүддесінің қатарына қосып қойды. Сол себепті қазақ халқының рухани құндылықтары – тілі, діні, салт-дәстүрі сол бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі интернационалдық идеологияның «барлық ұлт тең құқылы» деген принципін ұстанып, осы кезге дейін еш өзгеріссіз қалып отыр. Ал, шынын айтқанда, бұл қате принцип болатын, себебі Қазақстанда өмір сүретін диаспоралардың басқа жерде ұлттық мемлекеттері бар және олардың тілі, діні, салт-дәстүрі сол өздерінің Отанында қорғалып, дамып жатты. Қазақтардың тарихи Отаны – Қазақстан, сондықтан олардың рухани құндылықтары өз Отанында ешқандай кедергісіз қорғалып, дамуы тиіс.

AZATTYQ.ORG. "Президент пен жазушылар кездесуін әрқалай жориды" - Сәуірдің 20-сы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушылар Дулат Исабеков, Смағұл Елубай және Бексұлтан Нұржекеевпен кездескен еді. Бұл жөнінде пікір білдірген кей жазушылар «президенттің қай жазушылармен кездесетінін президент әкімшілігі белгілейді» дейді. Ал президентпен кездескен жазушының бірі Дулат Исабеков «өткір пікірлерді телеарналар көрсетпеді» деп қынжылады.

"Орыс тілінің позициясы әлсіреп, Қытайдың ықпалы күшейіп келеді" - Батыс баспасөзі орыс тілінің постсоветтік елдердегі позициясы, Ресейде Яндекстің Google-ден озғаны және Солтүстік Корея төңірегіндегі дағдарыс тұсында Қытайдың Азиядағы ықпалы жайлы комментарийлер жариялаған.

"Азимовтерді ұстауға қатысты күмәнді сұрақтар" - Санкт-Перербургте теракті жасауға күдікті ағалы-інілі Азимовтердің отбасы мен ауылдастары 15 адамның өмірін қиған жарылысты 27 мен 29 жастағы жас жігіттер ұйымдастырды дегенге күмәнданады. Акрам мен Абрордың анасы мен інісі Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында тұрады.

365INFO.KZ. "«Жерді шетелдіктерге сату керек» – экономист" - Мұны айтқан экономист – Алмас Чукин екен. «Қазақстанның аграрлық саласын дамыту үшін жерді жекешелендіру ауадай қажет. Тіпті шетелдіктерге беруден де қорықпау керек, өйткені Қазақстандағы жердің шын қожайындарының арасында аграрийлер тым аз», дейді ол.

"Алматының шенеуніктері қазақша үйренгісі келмейді екен" - «Нұр Отанның» Алматы қаласындағы филиалының іргесінде Коррупцияға қарсы қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Осы ұйым қалалық тілдерді дамыту басқармасының жұмысынан шикілік тауыпты. Бұдан бұрын ұйым мүшелерінің алдында Дін істері және Тілдер дамыту бойынша басқарма басшылары Айдар Есенбеков пен Мамай Ахетов есеп берген. Сөйтсек сөзі мен ісі сәйкеспейді екен бұлардың. Қоғамдық кеңестің мүшелері анықтапты мұны.

ABAI.KZ. "Косарев "Көсемінің" мәйітін қазақ жеріне әкелмек..." - Қазақстан коммунистерін  түлен түртті. Бұл жолғы түлен түрткен әңгімені басқаның емес, бақандай депутаттың аузынан естідік. Білдей депутатымыз Қазан төңкерісінің 100 жылдығы аясында Мәскеудің Кремльінде жатқан пролетариат көсемі Лениннің денесін Қазақстанға әкеліп алуды ұсыныпты.

"Қазақ елін ұрылар жайлап алды" - Елді ұры мен өтірікші жайлады. Және олар жоғарыға көтерілді. Енді түспейді. Тек қана түкірігі мен қақырығы түсер. Бұл қоғамның дерті. Қоғам тәрбиесінің қорытындысы – ұрлыққа, өтірікке, жалаға, қысқасы бітпес күнәһарлыққа әкеп тіреді. Демек, бұл – ұрпақтың соры, қара халықтың азабы! Алға қойған мақсат жоқ, мақсатқа негіз жоқ, негізге ниет, ниетке себеп жоқ болып қалды. Себебі, өтіріктің арты бір тұтам. Халық ығыр болды, өтіріктен мезі болып әбден шаршады.

JASQAZAQ.KZ. "Дулат Исабеков: Ондайды есі дұрыс адам айтпайды" - Осы аптада Елбасы елімізге белгілі жазушыларды қабылдады. Сол кездесуде Дулат Исабековтың «Шетелдегі қандастардың бәсекеге қабілеттілерін әкелейік», — деген пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Журналист Ұларбек Дәлейұлы «Қартайған ата-анасын, ауылдағы оқымаған аға-інісін тастап, сопайып жалғыздан-жалғыз келіп, кім опа таппақ мұнда?» – деді. Jasqazaq.kz тілшісі осыған орай жазушының пікірін білді.

"Түркияның қиын өткелі" - Мелек ханым – Ыстамбулдағы бір кәсіпорында жұмысшы. Референдум алдында елдегі конституцияға өзгеріс енгізуді қолдайтынын айтты. Қазіргі билікке риза. «Тұрмысымыз түзелді. Кір жуғыш мәшинені бірден сатып алуға шамам жетеді. Бұрын жалға немесе несиеге алатынбыз»-дейді. Измирлік Зеки бей hayir яғни «жоқ» дейтінін білдірді. Себебі де белгілі. Былтырғы бүліктен кеиін қызметінен қуылып, далада қалғандардың бірі.

TURKYSTAN.KZ. "Монтансып, момақансып, теңге ұсынып…" - «Алтын көрсе, періште жолдан таяр» деген қазақтың сөзі бүгінгі парақорларға бағытталып айтылғандай. Пара алуға құмарларды тезге салуға ел болып тырысқанымызбен, нәтижесінің көңіл көншітер түрі байқалмайды. Тіпті, түйткілді уақыт оздырмай шешуді сылтау етіп, пара беруді әдетке айналдырғандар да азаяр емес. Үнемі пара алған жемқорларды айыптап, солардың қылмысын әшкере қылуға әбден етіміз үйренгенімен, пара беруге әзір тұратындарды есімізден шығарып ала береміз. Шын мәнінде, елімізде пара берушілер болмаса, алушылар да болмас еді.

"«Алтын шыққан жерді белден қаз»" - Өкінішке қарай, елімізде кеніштен алтын ұрлау азаймай тұр. Соңғы бес жылда 19 мың адам алтын ұрлығымен ұсталған. Шынтуайтында, бұл ұрлық үстінде ұсталғандары ғана. Сытылып кеткендері қаншама?!. Солардың кесірінен Ақмола облысындағы Степногор өңірінде 9 миллиард теңгенің өнімі алынбай қалған,  сәйкесінше 3 миллиард теңгенің салығы да төленген жоқ.

QAZAQTIMES.COM. "Жапония мен Корея алып теңіздің атауына таласып жатыр" - «Жапон теңізі» ме, әлде «Шығыс теңіз» бе? Жапония және Оңтүстік Корея алда болатын Халықаралық Гидрографиялық Ұйымының (ХГҰ/ ҮАҰ) Ассамблеясында ортаға салмақ. 

"Ресейдің қолындағы Алтай қазақтары" - Осыдан біраз уақыт бұрын «Алтайдай асылымызды алақаннан шығарып алмайық» деген тақырыппен Қытайға қарасты Алтай аймағы және онда тұратын қазақтар туралы шағын дүние жазған едік. Бұл жолы соның жалғасы ретінде Ресейге тиесілі Алтай Республикасы мен Алтай өлкесі, сонда мекендейтін қандастарымыз туралы аз-кем ақпаратпен бөлісудің орайы келді. Оған себеп те жоқ емес...   

DALANEWS.KZ. "Ерлан Төлеутай: “Өнерпаздарға еуропалық чип салып қойдық”" - Белгілі әнші, зерттеуші Ерлан Төлеутайдың үйін қарағандылық шенеуніктердің тартып алғаны рас па? Қазақстандық өнерпаздарға “еуропалық чиптің” қандай қатысы бар? Мәдениет министрлігіне неге Ілияс Омаровтай адам керек? Біздің байлар ақшаларын ұлттық өнерді дамытуға неге қимайды? Димаш – пассионар болса, ол арқылы әлемге қазақты қалай танытамыз? Әнші, зерттеушімен арадағы сұхбат ұлттық мәдениеттің бүгінгі ахуалы туралы өрбіді.



24 сәуір 2017, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.