Атырау, 18 сәуір 15:19
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Облыстағы сегіз басқармадан орынбасарларды алып тастады

3 993 просмотра

Облыстық әкімдіктің бірқатар басқармаларында басшы орынбасары лауазымы қысқартылды.

Бұған қатысты Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі былай деп хабарлады: «Сегіз басқармада – ветеринария, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, тілдерді дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жастар саясаты мәселелері, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармаларында – басшы орынбасары лауазымы бөлім басшылары мен бас мамандар болып қайта өзгертілді. Бұл өзгерістермен бюджеттік қаржыландыру азайған жоқ, штат қысқарған жоқ. Орынбасарлар лауазымы ҚР Үкіметінің «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес қысқартылды. Атап айтқанда, қаулыда басқарма бастығының орынбасары басқармада (бастықты қоса алғанда) кемінде 15 бірлік болғанда енгізіледі делінген».

Телефон арқылы неліктен кеш қолға алынып отыр деген сұраққа баспасөз қызметі: «Ол кезде біз жұмыс жасаған жоқпыз ғой» деп жауап берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 сәуір 2017, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.