Атырау, 16 сәуір 14:15
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Саттыққа шығарылған спорт клубтары және үш мәрте өтпей қалған «Мұнайшы»

3 023 просмотра

Жыл аяғына дейін коммуналдық мүліктің 12 нысанын саттыққа шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Серік ДЕМЕГЕНОВ хабарлады.

Атырау облысында 2016-2020 жылдардың жоспарына сәйкес, жекешелендірілуі тиіс коммуналдық мүлік тізіміне 15 нысан іліккен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 13 млн теңгеге, Атырау облыстық геотехникалық орталығы 6,2 млн теңгеге сатылып кетті. «Мұнайшы» спорт кешенін үш мәрте саттыққа шығарған, алайда оны алуға ниет білдірушілер табылмапты.

Осыған байланысты қалалық әкімдік коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды таратуға шешім қабылдады. «Мұнайшы» спорт кешенінің базасында жыл басында коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылды. Оның құзырында кешеннен басқа, қалалық ойын алаңдары бар. КМҚК мен ҚММ арасындағы айырмашылық – біріншісі мемлекеттік сыңайлы сектор кәсіпорны болып табылады және ол ақшаны өзі табуы тиіс. Ал ҚММ тікелей бюджеттен қаржыландырылады, - дейді Серік Демегенов.

Өткен жылы тексеру жұмыстары жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Атырау облысынан 51 мекеме оңтайландырылуы тиіс. 14-і – жекешелендіріліп, 15-і – таратылып, 9-ы – мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастырылуы, 10-ы – біріктірілуі, үшеуі – сенімді басқаруға берілуі тиіс. Жекешелендіруге тиесілі мекемелер қатарында – облыстық волейбол командасы, облыстық футбол командасы, ұлттық спорт түрлерінің клубы, су спорты түрлерінің клубы, «Атырау барыстары» баскетбол клубы бар. Мен тізімде неліктен спорттық ұйымдардың көп екендігін сұрадым. Демегеновтің айтуынша, мұндай жағдай бүгінде бүкіл ел бойынша қалыптасқан екен.

Бұдан басқа, ол заңдастыру науқанының нәтижесі туралы әңгімеледі. Атырау облысында 34,9 млрд теңге ақшалай қаражаттар мен 17,8 млрд теңгеге мүлік заңдастырылған.

Бюджет қаржыларының түсуі мен жұмсалуы туралы айтсақ, қазіргі уақытта 174 млн теңге игерілмей қалып отыр. Атап айтқанда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы республикалық бюджеттен бөлінген 2,7 млн теңге трансферттік қаржыны дәрі-дәрмектердің тапшылығы салдарынан, құрылыс басқармасы – орындалған жұмыс актілері болмағандықтан 2 млн теңгені игере алмаған, облыстық бюджеттік мекемелер коммуналдық қызметтерді төлеуде, жанар-жағармай материалдарын, азық-түліктер, басқа тауарларды сатып алуда 29,6 млн теңгені үнемдеген.

Атырау қаласы бойынша қалдық 108,1 млн теңгені құрады, соның ішінде 104,9 млн теңгесі – республикалық трансферт. Құрманғазы ауданындағы игерілмеген қалдық 15,6 млн теңгені құрады, Махамбет ауданында  7,3 млн теңге, Исатай ауданында – 2,3 млн теңге, Қызылқоғада – 2 млн теңге, Индерде – 1,6 млн, Мақатта – 1,3 млн теңге игерілмеді. Бұған мемлекеттік сатып алуларға конкурстардың дер кезінде өткізілмеуі, аяқталмаған жұмыстар және т.б. себеп болып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

24 сәуір 2017, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.