Атырау, 29 наурыз 03:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Бұл латын әліпбиіне көшу емес, оралу»

4 186 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Латын әліпбиі: бүгін және ертең» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелде Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дың көптілді білім беру факультетінің деканы Жұмазия ӘБДІРАХМАНОВА осылай деп мәлімдеді.

- Біз бұдан қорықпауымыз керек, себебі, ауысатын тіл емес, тек әріптер. Сол өткен ғасырдың 1929-40 жылдардың арасында қазақтар латын әліпбиін қолданған болатын. Мүмкін, аға және орта буын адамдарға қиынға соғатын болар, бірақ жастар, оқушылар үшін еш қиындық тудырмайды, - деп есептейді Әбдірахманова.

«Қазақ тілі» қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Әбілхан ТӨЛЕУІШОВТІҢ айтуынша, қазіргі кезде латын әліпбиінің көптеген нұсқасы дайындалып, ұсынылған:

- Осыншама нұсқаның ішінен біреуін, ең тиімдісін, түсінікті болатынын таңдау керек. Әрине, дайындық жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Орыс тілінен енген әріптерді  (ч, ц, щ, ъ, ь, ё, ю, я, э) алып тастап, қазақ тілінің төл дыбыстарын (ә, ү, ұ, ғ, і, ө, һ, қ, ң) қалай таңбалаймыз деген мәселелер әлі нақты шешімін таба қоймады. Бірақ, оның бәрін реттеуге болады. 

Төлеуішовтің айтуынша, латын әліпбиіне көшу кезінде бірқатар қиындықтар туындайды. Мәселен, орыс сыныптарында оқитын қазақ балаларына оңай болмайды. 1940 жылдан кейін шыққан, жиналған әдебиетті, тарихты латын әліпбиіне көшіру мәселесі туындайды. Немесе мұраны сол күйінде қалдыру керек пе?

- Дегенмен, көшу керек екен деп асығыстыққа жол беріп алмау керек. Көрші Өзбекстан мемлекеті латын әліпбиіне асығыстау көшті де, кейінгі 10 жылдың ішінде оған бірнеше рет өзгертулер енгізуге мәжбүр болды. Ал жалпы көшу керек. Қоғам үшін де, түркі әлемімен байланысты нығайту мақсатында да қажет, - деп есептейді Төлеуішов.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 сәуір 2017, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.