Атырау, 29 наурыз 00:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ұстаздық борыш

2 860 просмотра

Қызылқоға аудандық прокуратурасы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнаманың бұзылғандығын анықтады.

Аудандық прокурордың орынбасары Серік ЖАҢАБАЕВТЫҢ айтуынша, былтыр «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданға педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген екі түлек келеді. Жергілікті бюджеттен олардың әрқайсысына 121 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы бөлінген. Жастар жәрдемақыны алысымен көп ұзамай кетіп қалған. Ал келісімшарт бойынша бес жыл жұмыс істеуге міндетті болатын. Және өздеріне берілген жәрдемақының аз бөлігін ғана бюджетке қайтарған. Прокуратура мемлекетке 175 430 теңге көлемінде қарызы барын анықтады.

Прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде аудандық сотқа талап-арыз берді. Сот екі жауапкерден де аталған соманы мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 сәуір 2017, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.