Атырау, 29 наурыз 09:59
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жаңа мектептің шатыры желге шыдамады

2 709 просмотра
Фото: Instagram/zello_atyrau

22 сәуір күні түсте Доссор поселкесіндегі О. Сарғұнанов атындағы жаңа мектеп шатырының бір бөлігі желге шыдамай, ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ.

300 орындық мектеп осы жылдың басында пайдаланылуға берілген болатын. Құрылысқа облыстық бюджеттен 763 млн теңге бөлінген еді.

- Күшті желдің салдарынан ғимарат шатырының 30 шаршы метр шамасындай бөлігі ұшып кетті, - дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық МҮСЕПОВ. - Біз нысан тапсырысшысы - облыстық құрылыс басқармасына жағдайды жеткіздік. Енді мердігер «АтакентЖылыой» ЖШС өз қаражатына шатырды қалпына келтіруге кіріседі.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Фото: Instagram/zello_atyrau

24 сәуір 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.