Атырау, 19 сәуір 13:20
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ДАИШ жетекшісінің ең жақын адамы Ә.Өзбеки өлтірілді

2 394 просмотра

"Ислам мемлекеті" террористік ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади. Фото: centralasian.org
Америкалық әскер Өзбекстан тумасы делінетін Әбдірахман Өзбеки қайтыс болғанын хабарлады. Ол "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің ең сенімді адамы ретінде белгілі.

Хабарларға қарағанда, ол 6 сәуірде Майадин қаласы маңындағы құпия арнайы операция кезінде өлтірілген. "Бұл құрлық операциясы еді. Бар айтарымыз осы ғана", - деді АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі полковник Джон Томас. Ол Өзбекидің әуе шабуылынан қайтыс болмағанын ескертіп өтті. 

Америкалықтар Әбдірахман Өзбекидің Ыстамбұл қаласындағы Rein түнгі клубында биыл 1 қаңтарда болған шабуылға қатысы бар деп отыр. Сол шабуылдан 39 адам қаза тауып, 69 адам жараланған еді. "Ислам мемлекеті" ұйымы теракт жауапкершілігін өз мойнына алған. Түнгі клубтағы қарулы шабуылды 34 жастағы Өзбекстан тумасы Абдулқадыр Машарипов жасады. Ол шабуылдан 16 күннен кейін Стамбулда ұсталды.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

24 сәуір 2017, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.