Атырау, 19 сәуір 18:39
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Алматы Марафоны" жеңімпаздары анықталды

1 790 просмотра


Алтыншы рет өткізілген "Алматы Марафон" шарасы өз мәресіне жетті. 10, 21, 42 шақырымға жүгіргендер арасында бірінші болып келгендердің және "Экиден" эстафетасының (42 километра 195 метров) жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

15-17 жас аралығында 10 шақырымға жүгіргендер арасында талдықорғандық Данияр Арманғали бірінші болып (00:32:08) келді. Қыздар арасында алтын медальді алматылық Райана Зейналлова жеңіп алды (00:37:59).  19 жастан жоғары жарыста ерлер арасында Максим Крят (00:31:05) бірінші болып келді. Қыздар арасында осы марафонға бірнеше мәрте қатысқан алматылық Надежда Мелькова (00:31:05) жеңіске жетті.  21 шақырым қашықтықта: ерлер - Алексей Гусаров (1:12:41), әйелдер - Жанна Мамаржанова (01:18:46). Марафондық қашықтықта (42 шақырым 195 метр) ерлер арасында Ресейдің Барнаул қаласынан келген Николай Григоров (02:30:08) бірінші болып келді, екінші орында өскемендік Әмір Байтуқанов (02:33:07), ал елордалық Айдын Қасен қола медальді (02:35:50) иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды Полина Репина (03:16:11), екінші Алена Уварова (03:23:07), үшінші орынды Мария Киреева (03:23:11) иеленді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


24 сәуір 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.