Атырау, 28 наурыз 20:03
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Әкімдік ғимаратындағы жаңа тәртіп

3 187 просмотра


Атырау облыстық әкімдігіне (анықталғандай, қасиетті орынға) аяқ басушыларға қажетті кеңес: жайлылық пен қазіргі заман адамының сыртқы келбеті туралы өз ойыңды ұмытқаның жөн. Өз басым, мәселен, 21 сәуірде бұл ғимаратта таяу уақыттан бері және ескертусіз қолданысқа енген қатаң дресс-кодтан өте алмадым.

Қарапайым киіміммен – жеңіл былғары күртем, блузкам мен шалбарым (бәрі қара түсті) және оптикалық линзалы көзілдірігіммен көпшілік үшін әжептәуір адам боп көрінемін. Алайда қара кроссовкам (тіпті, таңертең қызыл кроссовкамды кисем бе екен деп ойланған едім) облыстық мәслихат сессиясына барар жолымды жауып тастады. Тіпті, сол жерге шақыртылған әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Саламат САБЫР да көмектесе алмады. Ыждағатты полицейлер кіруге болмайды деп өз дегендерінен қайтпады. Менің сыртқы түріме тек менің жұмыс берушім ғана талап қоя алады деген дәлелім де қабыл алынбады. Сол күні халық-партия қалаулылары қандай шешімді қабылдап, бекіткені көптеген оқырмандарымыз үшін құпия болып қалды.

Бәлкім, мен біреулерді таң қалдырған шығармын, бірақ менің әріптестерімнің бәрі және басқа да БАҚ-тардағы әріптестерімнің көпшілігі күнделікті-спорттық стильді жөн көреді. Біздің жұмысымыз осындай, мәселен, біз күнімізді жол-көлік оқиғасымен бастап, британ елшісінен сұхбат алумен аяқтауымыз мүмкін. Осы күнге дейін кез-келген ғимаратқа кіруде кедергілер болып көрген емес, әсіресе, облыстық әкімдікке. Тіпті, жасына байланысты ескі көзқарасты боп көрінетін алдыңғы әкім Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ сұхбат алуға кедымен барған әріптесімді өз кабинетінде шаймен қонақтаған еді. Ал қала ішінде жаяу жүргенді жақсы көретін басқа бір әріптесім кроссовкадан басқа аяқ киім сатып алмайды. Енді әкімдікке кіретін жол тек үшеумізге ғана жабылмаған секілді. Өкінішті-ақ.

Өзіндік стилімен атышулы болған парламент депутаты Бірғаным ӘЙТІМОВАНЫҢ маған қарағанда барлық жағынан жолы болған. Ол өзгеше келбетті ұнатушылар кіре алмайтын біздің әкімдікке жұмысқа бармайды (оның тарғыл шұлығының өзі неге тұрады). Немесе экс-премьер-министр, қазіргі ҰҚК басшысы Кәрім МӘСІМОВТІ алайық: сәнмен әртүрлі шұлық киетін ол әкімдікке кірер кезде қандай жағдайда болар еді, масқара.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

23 сәуір 2017, 00:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.