Атырау, 19 сәуір 16:38
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы жартылай финалдарының жеребесі тартылды

3 418 просмотра


Бүгін, 21 сәуірде Швейцарияның Ньон қаласындағы UEFA штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы жартылай финалының жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қорытындысы бойынша, мадридтік "Реал" өз жерлестері "Атлетико" командасымен кездеседі, ал екінші жұпта франциялық "Монако" италиялық "Ювентуспен" ойнайды.

Жартылай финалдың алғашқы ойындары "Реал" мен "Монако" алаңдарында 2 және 3 мамырда өтеді. Қарымта кездесулер бір аптадан кейін.

Чемпиондар Лигасының финалы Уэльстің астанасы Кардиффтегі "Ұлттық стадинда" болады.

Айта кетейік, "Реал" мен "Атлетико" 2015/16 және 2013/14 жылдардағы Чемпиондар лигасының финалында кездескен. Екі кездесуде де "Реал" басым түскен болатын.

Сондай-ақ, бүгін Ньонде Еуропа Лигасы жартылай финалының да жеребесі тартылды. 

Оның қорытындысы бойынша нидерландылық "Аякс" пен франциялық "Лион" клубтары бір жұпқа түссе, испанияның "Сельтасы" ағылшындық "Манчестерн Юнайтедімен" кездесетін болды. 

Жартылай финалдың бірінші ойындары 5 мамыр күні жеребеде бірінші шыққан клубтардың алаңында ойнайды. Ал қарымта кездесу бір аптадан кейін өтеді. 

Еуропа лигасының финалы 25 мамыр күні Швецияның астанасы Стокгольм қаласындағы "Френдс Арена"стадионында өтеді.

Дереккөз: Vesti.kz


21 сәуір 2017, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.