Атырау, 23 қазан 16:23
Кешке ашық+3, түнде 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.24  € 395.82  P 5.82

Хабаровскіде ФСБ кеңсесіне шабуыл жасалып, екі адам оққа ұшты

21 сәуір 15:26


Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) жергілікті басқармасының қабылдауына шабуыл жасалды деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы. 

Арнайы қызметтің ақпаратына қарағанда, шабуылдан ФСБ қызметкері мен басқарманың қабылдауына келген адам - ТМД елдерінің бірінің азаматы қаза тапқан. Сонымен бірге қабылдауға келген тағы бір шетелдік жараланған. Шабуыл жасаған адамның өзі өзге ФСБ қызметкерімен атыста оққа ұшқан.

ФСБ белгісіз қарулы адамның жергілікті басқарманың қабылдауына басып кіріп, оқ атқанын айтады. Оқиға орнында жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Куәгерлердің хабарлауынша, басқарма орналасқан аудан қоршалып, қоғамдық көлік маршруты өзгерген, ұялы байланыс қызметі өшіріліп жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

698 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

"АрселорМитталТеміртау" кәсіпорнында 6 адам жараланды  110 рет қаралды

Лас-Вегастағы шабуыл құрбандары 50 адамға жетті  346 рет қаралды

Лас-Вегастағы шабуыл құрбандары 20 адамға жетті  188 рет қаралды

Қазақстандық банктердің біріне әлі де хакерлік шабуыл жасалып жатыр - ҰҚК   223 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5