Атырау, 29 наурыз 10:03
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Әміржан Қосанов: «Сақалды қойшы, салафиттердің миын қайтеміз?»", "Президенттің мақаласы догма болып қалмауы тиіс", "Смағұл Елубай: Көшпенді тірлікті көрген ұрпақ азайып барады", "АҚШ үкіметі өзімшіл экономикалық саясатқа көшті"

2 918 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Түк бітірмесе, терминком бізге не керек?!" - Тіл тағдыры термин тағдырымен тығыз байланысты. Өкінішке қарай, біз осы мәселеге өте салғырт, немқұрайды қарап отырмыз және оның дәлелін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Жақында біздің терминком мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен күнделікті қолданыста қазақша баламасына ауыстырылған біраз сөзді қайта қарады. Сөйтіп, бұрын әнұран, күйсандық, субұрқақ, оташы, мұражай, мұрағат, қисын, сазгер, ғаламтор, пайыз, иегер, үдеріс деп айтылып жүрген және құлаққа әжептәуір сіңісті болған сөздердің екінші сыңарларын, яғни гимн, пианино, фонтан, хирург, музей, архив, логика, композитор, интернет, процент, лауреат, процесс деген түрін қайта бекітті.

"Осы кісіні көргендер неге күле береді?" - Атасына мың рақмет, егер мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болмаса, біздің үкіметтегі шенділер қызметте сұп-сұр болып, биліктен күлмей өтер ме еді, кім біледі... Осы кісі-ақ елдің езуін жиғызбай, айналасын күлкіге көміп, елдің ішегін түйіп жүреді. Онысын Арыстанбек Мұхамедиұлы әдейі істейді деп айта алмаймыз. Бірақ оның жүзі мен түрін газет, телеарналардан, көшеден көргендер өздігінен күле беретінді шығарды.

AZATTYQ.ORG. "«Қазақ тілі өмірімнің бір бөлшегіне айналып кетті»" - Қазақ әдебиетін зерттеп жүрген түркиялық жас зерттеуші Жемиле Кынажы Азаттыққа ғылыми еңбектері туралы баяндап, латын алфавитіне көшуге қатысты пікір білдірді.

"Сақал мен балақтың дауы" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 сәуір күнгі имамдармен кездесуінде айтқан сақал және балақ мәселесі әлеуметтік желіде де жиі талқыланды.

365INFO.KZ. "Әміржан Қосанов: «Сақалды қойшы, салафиттердің миын қайтеміз?»" - Сақал мен балаққа қарсы күресте кешігіп қалдық,- дейді саясаттанушы.

"«Уәде беріп қойыпты». Биыл доллар қымбаттамайды — сарапшы" - Доллар қымбаттамайды, ол арзандағанның үстіне арзандай береді. Шамамен 300 теңгеге барады. Өйткені шаш-етектен қарызға батқан Қазақстан үшін осы жылы доллардың арзан болғаны тиімді.

ABAI.KZ. "Елбасы мақаласындағы басты мәселелер назарға ілікпей қалуы мүмкін" - Ерекше әсер қалдырған мақаланы ең бірінші дұрыс талдауымыз керек. Өйткені, талдауға ден қоймай, тек жақсы жазылғанын ғана айтар болсақ, мақаладағы басты мәселелер назарға ілікпей қалуы мүмкін. Елбасының бұл мақаласы – жүйелі, бағдарламалық жоспар.

"Тұңғыш Президенттің «Көші-қон қорын» құратын мезгіл жетті!" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі қазақтың көрнекті үш жазушысымен өткізген әңгімесі де қоғамдық пікірлердің қызу талқысына түсіп жатыр.

QAZAQTIMES.COM. "АҚШ үкіметі өзімшіл экономикалық саясатқа көшті" - Трамп үкіметі АҚШ-та өткен ғасырдың 70-80 жылдары қолданылған көне заң – «Болат импортын шектеу» ережелерінің қайта жаңғыртқан болатын. Трамп командасы бұл ережелердің ұлттық қауіпсіздік тұрғысында тиімді әлде тиімсіз тұстарына кең ауқымды тексеру жұмыстарын бастап кетті. Бұл АҚШ сауда саясатын кемелдендіріп, ұлттық экономиканың жандануына тың серпін береді деп күтуде. 

BAQ.KZ. "Смағұл Елубай: Көшпенді тірлікті көрген ұрпақ азайып барады" - Кеше Елбасы қазақтың маңдайына біткен талантты жазушылары, рухани тарихымыздың тамыршылары, көркем әдебиет пен кинодағы тарихи жадымызға айналған Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржеке, Смағұл Елубайды қабылдады. Онда Елбасы өз мақаласында айтылған ойлар мен қоғамдағы бірқатар қордалы мәселені сөз етті.

"Қазақтар Алтайдан Түркияға қалай көшті?" - 1905 жылдары Қытай қазақтарынан шыққан Бөке батыр қазақтар жиі қоныстанған Үш Аймақ өңіріне қытайлардың қаптап келуіне қарсы көтеріліп, елін бастап, Тибетке ауған еді. Соңы қанды трагедиямен аяқталса да Алтайдан басталған сол тәуелсіздік күресі одан әрі өршіп, 1920 жылдары тарих сахнасына Зуқа батыр шықты.

DALANEWS.KZ. "Президенттің мақаласы догма болып қалмауы тиіс" - Соңғы кездері мемлекеттік телеарналардан бұрын айтылмайтын пікірлерайтылып, бұрын эфирге жолатпайтын тұлғалар көріне бастады. Билік өкілдері де ұлттық жаңғыру деп ұран сап жатыр. Шынымен де біздің билік қазаққа жақындауды көздеп отыр ма, әлде, мұның өзге бір саяси астары бар ма?

QAZAQUNI.KZ"Мәжілісмендер мәз, қарапайым халық ше?.." - Жақында депутаттардың айлық жалақысының алдыңғы қатары 1 миллион теңгеге дейін өсіп, енді осы көрсеткіш бойынша министрлердің тура өзімен иық тірестіретін болды. Бұл жаңалық мәжілісмендерді мәз-майрам еткенмен қоғам мүшелері арасында түрлі пікірлер туғызып, қызу талқыланып жатыр.






21 сәуір 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.