1 2
Атырау, 27 сәуір 14:07
Кешке ашық+11, түнде +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 312.44  € 340.47  P 5.53

Ақтөбе облысының әкімдігі: Тасқын су қайта бастады

21 сәуір 11:57


Ақтөбеде тасқын судың беті қайтып, ірі су қоймалары қалыпты жұмыс режиміне көшті деп хабарлады Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз қызметі. Су тасыған күндері Елек пен Қарғалының жағалауындағы елді-мекендер мен саяжайлардан 1907 адам эвакуацияланған. Соның 789-ы мектептердің спорт залдарын уақытша паналап отыр. 1118 адам туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Су алған үйлердегі ылғал әлі толық кеппеген. Сондықтан тұрғындар өз үйлеріне орала алмай отыр. Су басқан аудандарда қазір үй иелерімен бірге еріктілер де жұмыс істеп жатыр.

"Су қоймаларынан өзендерге су жіберіліп жатқан жоқ. Шлюздер жабылды. 20 сәуірден бастап екі ірі су қоймасы қалыпты жұмыс режиміне көшті" делінген әкімдіктен жолданған хабарламада.

Ақтөбеде 16 сәуірде Елек өзенінің тасуынан негізінен өзен жағалауындағы саяжай ұжымдарына қарасты жүздеген үйді су басып, қалада төтенше жағдай жарияланған. Ақтөбе облыстық төменше жағдайлар департаментінің соңғы ақпаратына қарағанда, төтенше оқиғадан Ақтөбенің іргесіндегі Кірпішті, Келешек, Махамбет, Қарғалы, Заречный-2, Жилянка елді мекендерінде 650-ге тарта үй мен ауланы су басып, 5 үй құлаған.

Дереккөз: Азаттық

464 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Көрші облыстың су көзін пайдаланады  518 рет қаралды

Балықшыларға да, балыққа да оңай емес  456 рет қаралды

«Біздің жұмысымыз қиын...»  415 рет қаралды

Т. Дүйсенова: Атырау облысында 3,8 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін  644 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8