Атырау, 20 сәуір 04:55
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сот Санкт-Петербургтегі терактіге күдіктіні қамауға алды

1 876 просмотра

Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастырды делінген күдіктінің ағасы Акрам Азимов сотта отыр. Мәскеу, 20 сәуір 2017 жыл.
Мәскеудің Басман аудандық соты Санкт-Петербург метросындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікті Акрам Азимовты 3 маусымға дейін қамауға алды.

20 сәуірде өткен сотта Азимов өіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Бұдан бір күн бұрын сот Акрам Азимовтың ағасы Аброр Азимовты терактіні ұйымдастырды деген күдікпен қамаған. Теракт ісі бойынша барлығы 10 күдікті ұсталған.

Акрам Азимовты арнайы қызмет 19 сәуірде Мәскеуде ұстаған. Ұсталған кезде күдіктіде граната болғаны хабарланды. Ол терактіге дайындалды және заңсыз қару-жарақ ұстады деген күдікке ілінген. Күдіктінің анасы оның ұсталуын "қойылым сияқты" деп атады.

3 сәуірде Санкт-Петербург метросында жарылыс болып, 15 адам қаза тауып, 50 шақты адам жараланған. Шабуылдың жауапкершілігін ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Дереккөз: Азаттық

21 сәуір 2017, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.