Атырау, 29 наурыз 17:49
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Аты шулы Ахмадинежадты Иран президент сайлауына өткізбей тастады

2 284 просмотра


Иран Ислам Республикасында  алда келе жатқан президенттік сайлауға Махмуд Ахмадинежадты өткізбей қойды.

Иранды 2005-2013 жылдары аралығында басқарған Махмуд Ахмадинежад 19 мамырда өтетін президет сайлауына үшінші рет өз кандидатурасын ұсынған болатын. Бірақ коституциялық кеңес Ахмадинежад пен оның саяси серіктесі Хамид Багхайдың кондидатурасын президенттік сайлауға өткізбей тастады. Әзірге Ахадинежад пен Багхайдың сайлауға не үшін жіберілмейтіндігі жайында конституциялық кеңес ешқандай мәлімдеме таратпады.   Бірақ, бұған дейінгі  Ахмадинежад өзінің сайлауға қатысуына Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей қарсы екендігін айтқан болатын.  Алайда  ол осы жолы оған қарамастан сайлауға қатысатынын мәлімдеген. Кеше euronews арнасына берген сұхбатында  Ахмадинежад бұл қадамға саяси үзеңгілесі, досы Хамид Багхайды қолдау үшін барғандығын  айтқан еді. 

Иранның конституциялық кеңесі президенттік сайлауға, Ислам мемлекетінің қазіргі басшысы Хасан Роуханимен, консерватор  Эбохим Раисиді өткізген. Ирандағы биылғы президент сайлауына  1600 адам өз кондитатурасын ұсынған. 27-ші сәуірде 1600 кондидаттың қаншасы сайлауға қатысатыны жөніндегі  толық тізім жарияланады.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

21 сәуір 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.